Түркістан қаласында 2958 адам жұмысқа жолданып, ерекше 20 азамат жұмыспен қамтылған

Oinet.kz 29-09-2024 13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Бұл – еңбек адамы ел игілігінің негізі екенін көрсететін маңызды қадам. 

Screenshot_50.jpg

Ал, еңбек адамына шынайы қолдау көрсету оның еселі еңбегін құрметтеуден, мойындаудан басталады. Осы ретте Түркістан қалалық Мансап орталығының ұйымдастыруымен ерекше қажеттілігі бар жандар үшін кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 11 жұмыс беруші мекеме 38 бос жұмыс орнын ұсынды. 

Түркістан қалалық Мансап орталығының директоры Райхан Нұридинқызының айтуынша, бұл шараға 30-дан аса жұмыс іздеуші қатысқан. Оларға мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары түсіндіріліп, тұрақты жұмыстарға жолдамалар берілді. Жәрмеңке қорытындысымен бір тұрғын «CAPABLE GROUP» мекемесіне, тағы бірі Некрасов атындағы №9 орта мектепке жұмысқа орналасқан.  

- Президентіміздің Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетіп, оларды жұмысқа тарту назардан тыс қалған емес. Осы ретте қалада ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыс орындары беріледі. Жалпы бүгінгі күні Түркістан облысында 99,2 мыңнан астам мүгедектігі бар адам есепте тұр, олар облыс халқының 4,6 пайызын құрайды, бұл республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14 пайызы. Биыл облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 13,8 миллиард теңге бөлінген. 1 қазандағы  жылғы жағдай бойынша бөлінген қаржы есебінен 48 632 техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылды немесе қажеттіліктің 77,7 пайызы (индикатор – 95%) қамтылды.

Ал облыстағы жұмыссыздар саны – 40,7 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайызды құрайды. 2024 жылғы ІІ тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 324 470 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5 пайызға артып, нақты ақшалай табыс 101,7 пайызды құрады. Президентіміз Жолдауында ел азаматтарының жұмыс істеуіне, кәсіп ашуына барлық жағдайды жасап отыр. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мақсатында 2025 жылды жұмысшы жылы деп те жариялады. Бүгінгі күні Түркістан қаласында халықты жұмыспен қамту мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық жасау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде, - дейді Райхан Нұридинқызы. 

Жалпы, жыл басынан бері орталықта 8 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Онда 2958 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін жұмыспен қамту бағдарламалары жүргізіліп, нәтижесінде жыл басталғалы 20 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде апатты мектептер мәселесі шешімін табуда
Түркістан облысында денсаулық саласы толық цифрландырылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу