Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде апатты мектептер мәселесі шешімін табуда

Oinet.kz 29-09-2024 14

Президент Жолдауда басымдық берілген саланың бірі – білім. Мемлекет басшысы Жолдаудың бесінші бағытында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екеніне тоқталды.

Screenshot_49.jpg

Сонымен қатар мұғалімдердің мәртебесін көтеру де басты құжатта назардан тыс қалмаған. Сондай-ақ үш ауысымды білім ошақтарын жою да тапсырылған. «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс. Депутаттар да ортақ істен шет қалмайды деп ойлаймын» дейді Президент.

Түркістан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтың айтуынша, облыста жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. «Оқушылардың озық білім алуы – басты назарда. Осы мақсатта білім сапасын одан әрі арттыруға бағытталған инновациялық жобалар енгізілмек. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлының төрағалығымен өткен дәстүрлі «Тамыз кеңесі – 2024» педагогтар жиынында айтылды. Жиынның алдында «Инновациялық жобалар» көрмесі ұйымдастырылды. Әр ауданның білім бөлімі басшылары жоба жасаушылардың жаңа жұмыстарын қорғады. Балалардың мультимедиялық форматта білімін жетілдіретін заман талабына сай жаңашылдықтар менеджменттік қабілетті арттырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне серпін бермек. Осы арқылы балалардың да сабаққа деген зейіні артады. 17 аудан 17 түрлі инновациялық жобаны таныстырды. Басым бөлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруды көздейді. Оқу-әдістемелік үдерісті оңтайландырып, жаңа әдісті интеграциялау арқылы балаларды қауіпсіз, қызықты тәсілдермен білімге құштар ету қажет. Нәтижесінде Түркістан облысының білім сапасы одан әрі артады деген сенім мол», - дейді басқарма басшысы. 

Өңірдегі білім беру ұйымдарында «Е-асхана», «Е-кітапхана», BilimLand, Face ID сынды автоматтандырылған жүйелер пилоттық тұрғыда тексеруден өтіп, оңтайлы нәтижесін берді. Алдағы уақытта білім бөлімдері тарапынан инновциялық жобалардың тиімділігі бойынша ұсыныстар түссе, жәрмеңкеде таныстырылған «Алақан» жобасы, Tolem, MATATALAB роботы, IoT board, Codrone робототехникалық құралдары көрсетіліп, логикалық Intellectum виртуалды ойыны сынды жаңа технологиялар алдымен пилоттық режимде іске қосылады.

- Президентіміз жолдауда тапсырғандай Түркістан облысының білім саласын цифрлық жүйелерге көшіру арқылы білім сапасын арттыруды көздейтін жобалар көп. Осы мақсатта өңірде бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Облыстағы 910 мемлекеттік мектеп 99,9 пайыз интернетпен қамтамасыз етілді. Мектептердегі интернет жылдамдығын ретке келтіру мақсатында биыл білім саласынан үнемделген 630 миллион теңге бюджет қаржысына облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы арқылы 330 мектепке Starlink құрылғысы орнатылды, - дейді Ғалымжан Жұмашев.

Аймақта үш ауысымды оқыту, апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу мақсатында Президент тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы облыстағы мемлекеттік 910 мектептің 753-і типтік ғимаратта, 157-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Облыста 4 апатты және 5 үш ауысымды мектеп жұмыс істейді. Бұл білім ордаларындағы мәселелер жыл соңына дейін шешу көзделген. 

- Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста 63 мектеп салу жоспарланған. Соның ішінде облыста апатты деп танылған және үш ауысымда білім оқушылар білім алып жатқан мектептер де бар. Мәселен, апатты деп танылған Қазығұрт ауданындағы Тұрбат елді мекеніндегі 590 орындық Т.Тула атындағы, Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылындағы 1104 орындық «Сарыарқа», Сарыағаш қаласындағы 650 орындық №2-ші  және Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылындағы 520 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептерде құрылыс жұмыстары басталған, жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. 

Мұнің ішінде Қазығұрт ауданындағы 300 орындық «Т.Тула атындағы орта мектеп құрылысы Мемлекет басшысының 1000 мектеп салу бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Ал Сарыағаш қаласындағы 300 орындық №2 А.Сүлейменова атындағы және Созақ ауданындағы 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептердің құрылысы «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде бой көтеруде. Бұдан бөлек, облыстағы 5 үш ауысымды мектепке қажетті қосымша ғимараттардың құрылысы басталған, жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады, - дейді Түркістан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашев.

Жалпы «Жайлы мектеп» жобасы жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы №2 Хамза атындағы, №14 Қазыбек би атындағы орта және №23 Ж. Тәшенов атындағы IT мектеп-лицейі құрылысы, Созақ ауданындағы №14 Т. Әлімқұлов атындағы мектеп-лицей интернатының құрылысын салынады.  

Түркістан облысында жылу мен электр энергиясын табиғи жолмен өндіруге көңіл бөлінуде
Түркістан қаласында 2958 адам жұмысқа жолданып, ерекше 20 азамат жұмыспен қамтылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу