Түркістан облысында жылу мен электр энергиясын табиғи жолмен өндіруге көңіл бөлінуде

Oinet.kz 29-09-2024 16

Президентіміздің Жолдауда ерекше тоқталғаны инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. «Бұл жұмыс, ең алдымен, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс. 

Screenshot_48.jpg

Қазір энергия өндіретін жаңа нысандар салу үшін берілетін несие шарттарын қолайлы деп айта алмаймыз. Сондықтан Үкімет қаржы институттары арқылы ұзақ мерзімге арналған қолжетімді несие беру жолдарын ойластыруға тиіс. Мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл – осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды. Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – өте өзекті мәселе» деді Президент Жолдауында. 

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, облыс көлемінде жылу беретін кәсіпорындар жылу маусымына кірісіп кетті. Бүгінгі күні облыста 1 жылу энергия орталығы және 34 орталықтандырылған жылу қазандығы бар. Оның ішінде, Кентау қаласы – көмір, Созақ ауданы – мазут, қалған аудан, қалалар табиғи газ отынымен жылытылады. Сонымен қатар мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігі арқылы 2024-2027 жылдары жаңа газотурбиналық орталық құрылысын жүргізу жоспарда бар.

- Президент бақылауында тұрған өзекті мәселенің бірі жылу энергиясын тұтыну. Бүгінгі күні облыстағы жылу желілеріне (293,1 шақырым) тұтастай техникалық зерттеу жүргізілді. Жылу желілерінің тозуы 143,7 шақырымды (49%) құрап отыр. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен бөлінген 4,6 миллиард теңге Кентау қаласындағы 6,6 шақырым магистральды жылу желілерінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Кентау қаласындағы №5 жылу орталығы 2012 жылдан бері жөнделмей, 85 пайызға тозған. 6 қазандықты реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 13 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде Үкіметтік резервтен 9 миллиард теңге, облыстық бюджеттен 4 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бөлінген қаржының 8,3 миллиард теңгесі игерілді (РБ – 5,5 млрд теңге, ОБ – 2,8 млрд теңге). Сонымен қатар бюджет есебінен 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылуда. Өткен жылы 3,8 миллиард теңге игеріліп, 4,7 шақырым құбыр ауыстырылды. Биыл 691,8 миллион теңге бөлініп, 400 миллион теңгесі игерілді, - дейді облыс әкімінің орынбасары. 

Кентау қаласында №5-ЖЭО №3 турбоагретагы 5,5 мегаватт электр қуатын өндіреді. Осы жылы №6 турбоагрегатқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 5 мегаватт электр қуатын өндіру жоспарлануда. Соның нәтижесінде жалпы 10 мегаватт электр қуаты өндіріледі.

- Қазақстан Республикасы Президентінің 13.09.2021 жылғы №659 Жарлығымен Мемлекет басшысының 01.09.2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын, онда Түркістан облысында қуаты 1000 мегаватқа дейін бу-газ қондырғысын салу көзделген еді. 2022 жылғы 15 шілдеде Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы алаңында Түркістан облысында маневрлік генерациялау режимімен қуаты 1000 мегаватқа дейін генерациялайтын қондырғылар құрылысына аукциондық сауда-саттық өткізді. Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы болып - «БГҚ Түркістан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталған. Аталған жобаны іске асыру шеңберінде Сайрам ауданынан 60 гектар жер аумағы белгіленді. 2025 жылы бастапқы 185 мегаватт электр қуаты өндіріледі, 2026 жылдың соңында толық 1000 мегават электр қуаты өндіру жоспарлануда.  Жобаның құрылысы биыл басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған, - дейді Зұлпыхар Жолдасов.

Жалпы облыс аумағында жаңартылатын энергия көздері саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Өткен жылдың қыркүйек айында Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекенінде қуаты 50 мегаватты құрайтын «Шәуілдір» күн электр стансасының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Ал қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында жалпы қуаты 278,6 мегаватты құрайтын 24 жаңартылатын энергия көздері жобалары іске асырылған.

2025-2026 жылдар аралығында «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы тарапынан өткізілген жыл сайынғы аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша облыста жалпы қуаты 6 мегаватт болатын 3 шағын су электр стансасын (Төле би ауданында «Jasyl qyat» ЖШС қуаты 2 МВт болатын ШСЭС, «ТауЭнерго» ЖШС тарапынан қуаты 4 МВт болатын 2 ШСЭС) салу жоспарлануда. Сондай-ақ 2028-2029 жылдар аралығында облыста жалпы қуаты 100 мегаватты құрайтын 2 ірі жел электр стансасы Бәйдібек пен Созақ  аудандарында жүзеге асыру көзделген. Оны «New Clean Energy» және «Uranus Wind» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қолға алмақ ниетте. Одан бөлек, жалпы қуаты 25,51 мегаватты құрайтын 8 су электр стансасын салу жоспарда бар.

Түркістан облысының туризм саласында даму бар
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде апатты мектептер мәселесі шешімін табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу