Арыс қаласында диқан қауымы ерекше құрметке бөленді

Oinet.kz 27-09-2024 13

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ауыл шаруашылығы агроқұрылымдарының әлеуетін арттыруға баса көңіл бөліп отыр. Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет екенін айтқан Мемлекет басшысының тапсырмасы Арыс қаласында талапқа сай орындалуда. 

Screenshot_43.jpg

Мұнда жер емген диқан қауымына ерекше көңіл бөлінуде. Сол ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін ескере келіп, қала билігі тарапынан қалалық мәдениет үйінде диқандардың құрметіне арналған «Алтын Күз - 2024» салтанатты шарасы өтті. Жиын ерте көктемнен қара күзге дейін талмай еңбек еткен шаруалардың жыл қорытындысы десек те болады.

Онда қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қаламыздың ауылшаруашылық саласында жеткен жетістіктеріне тоқталды. Шаһар басшысы биыл Арыс еңбеккерлерігінің тынымсыз еңбегі арқасында облыс бойынша «Ірі қара малды импорттаудан» және «Су үнемдеу технологияларын үнемдеуде» озат қала атанғанын ерекше атап өтіп, еңбек адамдарына деген ыстық ықыласын білдірді.

- Президентіміздің Жолдауында алдымызға қойылып отырған мақсаттың бірі – ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Бүгінгі күні Арыс қаласында ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерде инвестициялық жобаларды жүзеге асырылуда. Нарықты отандық өнімдермен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңызы жоғары. Атап өтерлігі, экономикаға серпін беретін жобалардың арқасында ауылшаруашылық құрылымдары биыл 15 миллиард 521 миллион теңгенің өнімдерін өндірді. Биыл 24 мың 732 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Ауыл шаруашылығына қажетті 74 дана жаңа техника алынды. Жылдың қорытындысы бойынша 24 мың 732 гектардан 15146 тонна бидай, 400  тонна   арпа,  2000 тонна жүгері, 5600 тонна мақта, 508 мың тонна мал азығы, 400 тонна жеміс-жидекдер, 109 мың тонна бақша өнімдері, 3000 тонна картоп, 17 мың тонна  көкөніс өнімдері жиналды, - дейді Гүлжан Құрманбекова.

Жиын барысында қала әкімі сүт өндіру, жылыжай шаруашылығы, балық шаруашылығы, мал басын асылдандыру, дәнді дақылдарды өндіру сынды салаларда биіктен көрінген жекелеген диқандарды арнайы төсбелгі мен Алғыс хаттар тапсырып, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ, мал басын көбейтумен, асылдандыру бағытында жұмыс істеген шаруалар да марапаттан тыс қалған жоқ. Әр ауыл округ әкімдері де еңбектеріне лайық марапатқа ие болды. «Халқымызда «Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме» деген нақыл сөз бар. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы үкіметтің қабылдаған бағдарламаларын жүзеге асыру аясында алдағы уақытта барлығыңызды әсіресе жастарды еңбектенуге шақырамын» - деді қала басшысы.

Бір атап өтерлігі кәсіпкерлік саламен қатар қалада ауыл шаруашылығы саласы қатар дамып отырғандықтан, диқандар алдағы 2025 жылдың есебіне 6 мың гектар жер айдалып, оның 5000 гектарына күздік сеуіп үлгерген. Сондай-ақ Арыс қаласы бойынша мал басы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда барлық түрінен өсім көрсеткен. Атап айтсақ, мал басы, соның ішінде мүйізді ірі қара 41 мың 512, түйе 5530, жылқы 24 мың, қой-ешкі 456471 басқа, ал құс 35 мыңға жеткен.

Күзгі жиын-терімнің аяқталуына байланысты өткізілген салтанатты шарада қалалық мәслихат пен кәсіподақ ұйымының атынан ауыл шаруашылық саласының дамуына белсенді үлес қосып келе жатқан озат агроқұрылым басшылары мен өкілдеріне Алғыс хат табыс етті. Әрі қарай мереке қала өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Қала еңбеккерлері еңбектің еленгеніне ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. 

Сарыағаш ауданында құрылыс саласына басымдық берілуде
Төлеби ауданында даму жоспары бекітіліп, негізгі мақсаттары айқындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу