Сарыағаш ауданында құрылыс саласына басымдық берілуде

Oinet.kz 27-09-2024 14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жол-көлік логистикасын жақсартумен қатар елді мекендерді таза ауыз сумен және газбен қамту мәселелерін Үкімет пен әкімдерге тез арада шешуді тапсырды. 

Screenshot_42.jpg

Президент тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Түркістан облысының халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Осыған орай Сарыағаш ауданында таза ауыз сумен қатар жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы қатар жүргізілуде. Бірінші кезекте елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаевтың жіті бақылауында. 

Бүгінгі күні Сарыағаш ауданының Жартытөбе ауылдық округінегі Достық елді мекеніне таза ауыз су құбыры тартылуда. «Қазіргі таңда елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Ауыз сумен қамту – басты мақсатымыз. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелі әрі белгілі бір мерзімді қажет етеді. Сондықтан жұмыстың сапасына аса мән бере отырып, құрылыс қарқынын артыруға көңіл бөлудеміз» дейді аудан басшысы. Жалпы Достық елді мекенін сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан 1000 метрге жуық тереңдікте су ұңғымасы қазылып, ауыз су құбырлары тартылуда. Сондай-ақ, 44 су құдықшалары орнатылып, қазу жұмыстары жүргізілуде. 

Бұдан бөлек, Сарыағаш қаласы әкім аппаратына қарасты «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекеме тарапынан жүргізіліп жатқан жалпы ұзындығы 2,2 шақырым жолға шағал төселуде. Бүгінде, 1 шақырым  жолға шағал төсеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ аудан әкімінің тапсырмасымен көше жарықшамдарды орнатылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес қазан айының соңына дейін 16 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Бәйтерек көшесіне асфальт жабынын төсеу және Майлықожа көшесінің бойына арка орнату, одан өзге де қалаға қарасты көшелерге аяқ жол төсеу  жұмыстары жалғасуда. Майлықожа көшесінің  бойындағы арканы «Досмухаметов» ЖК орнатуда. Бұл жұмысты мойнына алған жеке кәсіпкер құрылыс жұмысын қараша айында аяқтамақ ниетте. 

- Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында моноқалалардың дамуына көңіл бөлгені белгілі. Осы ретте ауданымыздағы Сарыағаш қаласының көркеюіне елеулі көңіл бөлінуде. Көшелер жарықтандырылып, жолдарға асфальт жабындары төселуде. Бүгінгі күні қалаға қарасты 9 көшеге жалпы ұзындығы 6630 метр ені 1,2 метрді құрайтын аяқ жол төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланса, ол жұмыстар бүгінде Жангельдин көшесінде басталып кетті. Президентіміздің Жолдауда басымдық берген саласы ол құрылыс саласы. Яғни инфрақұрылым жүйесіне байланысты Президенттің тапсырмасы ауданда талапқа сай орындалуда. Атап айтсақ, бүгінгі күні қалада заман талабына сай кәріздік тазарту станциясының құрылысы жүргізілуде. Кеше құрылыс басында болып, нысанның жұмысымен таныстым. Мердігерге берген тапсырмам, құрылыс жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарай отырып,мерзімінде аяқтау. Себебі алдағы уақытта қаланың дамуын ескеретін болсақ, көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесі бойынша мәселені  шешуде нысанның орны маңызды, - деді аудан басшысы.

Қазіргі таңда, кәріздік тазарту қондырғысының биореактор қабырғалары тұрғызылып, судың шығу құбыры 10,8 шақырымға орнатылған. Сонымен қатар, электр желісі тартылып, кәріздік тазарту ғимаратының құрылғыларын жинақтау жұмыстары мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетсек, Сарыағаш қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысы тәулігіне 3400 текше метр су тазартуға қауқарлы. Кәріздік тазарту станциясы  іске қосылған соң, сарқынды сулар экологиялық талаптарға сай тазартылып, өңірдің су ресурстарының сапасы жақсарып,қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартады.

Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыссыздық деңгейі төмендеген
Арыс қаласында диқан қауымы ерекше құрметке бөленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу