Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыссыздық деңгейі төмендеген

Oinet.kz 26-09-2024 18

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Бұл – еңбек адамы ел игілігінің негізі екенін көрсететін маңызды қадам. 

Screenshot_41.jpg

Ал, еңбек адамына шынайы қолдау көрсету оның еселі еңбегін құрметтеуден, мойындаудан басталады. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, облыстағы жұмыссыздар саны – 40,7 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайызды құрайды. 2024 жылғы ІІ тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 324 470 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5 пайызға артып, нақты ақшалай табыс 101,7 пайызды құрады.

- Президентіміз Жолдауында ел азаматтарының жұмыс істеуіне, кәсіп ашуына барлық жағдайды жасап отыр. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мақсатында 2025 жылды жұмысшы жылы деп те жариялады. Бүгінгі күні Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Атап айтсақ, 2024 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша Түркістан облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында биыл облыс әкімімен бекітілген «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 118 889 жұмыс орнын (74 051 тұрақты, 44 838 уақытша жұмыс орындары) ашу жоспарланса, оның ішінде «Еңбек бағыты» бойынша 87 820 жұмыс орны құрайды (45 664 тұрақты, 42 156 уақтыша жұмыс орын). Сонымен жұргізілген шаралар аясында 88 928 жұмыс орны ашылып отыр, оның ішінде 46 218 тұрақты, 42 710 уақытша жұмыс орны құрылды. 

 Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында 397 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру аясында 3 661 жұмыс орнын ашу көзделіп, бүгінгі таңға 2 533 адам жұмысқа жолданды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес 16 156 жұмыс орны ашылды (жоспар – 22 295 орын). «Еңбек» бағыты аясында 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 70 239 адам жұмыспен қамту шараларына жолданды (80%). Оның ішінде, 27 282 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданып, жылдық жоспардың 63,1 пайызы орындалды (жоспар – 43 250 адам). 30 230 адам субсидияланатын жұмыс орындарына қатысып, жоспар 96,9 пайызға орындалды (жоспар – 31 208 адам), - дейді Зұлпыхар Жолдасов.

Жалпы мемлекеттік бағдарламалар аясында 4 674 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 053 адам жастар практикасына, 15 321 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 1 741 жастар «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 2 441 адам зейнеталды жасқа дейінгі «Күміс жас» жобасына жолданған. 2023 жылдан өтпелі 10 948 адам субсидияланған жұмыс орындарын жалғастыруда. 

Жаңа-бизнес идеяларын дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіште 1779 адамға 2,6 миллирд теңге грант берілген. Сонымен қатар жұмыссыздарға кәсіптік білім беру мақсатында Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 3 847 адам онлайн оқытудан өтіп, 3 662-і немесе 95 пайызы сертификат алған. Өз кәсібін бастау мақсатында жұмыссыздар қатарындағы 6266 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданған. Жалпы, жұмыспен қамту шараларына бөлінген 37 148,1 миллион теңге қаржының 19 552 миллион теңгесі (52,6%) игерілген. 

- Сонымен қатар сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесінде мемлекет тарапынан бөлінген қаржының мақсатты игерілуі мен заң бұзушылықты болдырмау мақсатында Еңбек мобильділігі орталығының тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, субсидияланған жұмыс орындарын мониторингілеу жұмыстарының жүргізілуі қатаң бақылауға алынды. Яғни, ай сайын жұмысқа орналасқан азаматтардың жұмыста болуын тексеру және жұмыс орнына қабылданған азаматтарға қоңырау шалу арқылы қатысқанын растау шаралары жүргізілді. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жұмыс орындарына қабылданғандар ішінде 1 309 адамға (4,3%) еңбек тәртібін сақтамағаны үшін жұмысты тоқтату шешімі қабылданды (оның ішінде 694-і жұмыста болмаған, 615 адам жұмысқа орналасқанынан бейхабар). Тиісінше, аталған жұмыс берушілермен келісімшарт бұзылып, тиісті шаралар қабылданды. Мониторингілеу жұмыстарының барлық шараларын қолдану және қатысу мерзімдерін қысқарту (12 айдан 9-6 айға дейін) нәтижесінде жыл соңына дейін субсидияланған жұмыс орындарына бөлінген қаржының 7,3 миллиард теңгесі үнемделді. Өз кезегінде, 2024 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9 пайыз, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады, - дейді Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.

Түркістан облысында көлік-логистика саласы және жолдағы қауіпсіздік шаралары жақсара түскен
Сарыағаш ауданында құрылыс саласына басымдық берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу