Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестицияның игілігін ел көруде

Oinet.kz 24-10-2024 31

Түркістан облысының негізгі тұрмыс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен сабақтасып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. 

Screenshot_35.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірімізде де тиісті жұмыстар қолға алынған. Түркістан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, биылғы 9 айда облыстың ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 124,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 22,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, 2 есе артқан. 

- Президентіміздің Жолдауында алдымызға қойылып отырған мақсаттың бірі – ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Бүгінгі күні Түркістан облысында ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерде инвестициялық жобаларды жүзеге асырылуда. Нарықты отандық өнімдермен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңызы жоғары. 2024-2027 жылдары жалпы құны 507,3 миллиард теңгені құрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жол картасы әзірленді. Нәтижесінде, жаңадан 8 346 жұмыс орны құрылады. 2024 жылдың 9 айында құны 28,1 миллиард теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып, 194 жаңа жұмыс орны құрылды, - дейді басқарма басшысы.

Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, іске асырылған жобалардың бірі – Бәйдібек ауданындағы жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайтын 5000 басқа арналған мүйізді ірі қара бордақылау алаңы. Ол жоба «Ernur-Корпорация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күшімен іске асырылып отыр. Екінші жоба Қазығұрт ауданында «Қарқын-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күшімен жүзеге асырылған. Жалпы құны 1,1 милиард теңгені құрайтын мүйізді ірі қара сою бекетінің жылдық қуаты 25 мың бас. Үшінші жоба Сайрам ауданында іске асқан.  Жалпы құны 2,3 миллиард теңгені құрайтын, жылдық қуатты 46 мың тонна құрама жем шығару зауытының жобасын «Nurym Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Төртінші жоба Сауран ауданындағы «Жасыл аймақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жүзеге асырған 5000 мүйізді ірі қара бордақылау кешені. Оның жобалық құны 3,5 миллиард теңгені құрайды. Бесінші жоба, Шардара ауданында «VITA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асырған, жылдық қуаты 136 тоннаны құрайтын құрама балық өнімін өндіру жобасы. Оның құны 1,5 милиард теңге. 

Мал шаруашылығын дамытуда инвесторлар қой және ірі қара мал етінің жаһандық топ-өндірушілерінің бестігіне кіретін, әлемнің ең ірі экспорттаушысы Аустралия әдісін пайдалануға ниетті. Аустралия тәжірибесін енгізу мақсатында жалпы құны 55,2 миллирд теңгеге 5 ірі инвестицялық жобаны жүзеге асыру көзделген. 600 жаңа жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда, 2025 жылы Арыс қаласында 25 мың мүйізді ірі қараға арналған бордақылау кешені іске қосу жоспарланған. Ал 2025-2026 жылдары Сайрам ауданында «1500 басқа арналған мүйізді ірі қара малды сою және өңдеу» және «Мал сату биржасы» жобасы, Ордабасы ауданында «30 мың қой бордақылау және 10 мың мүйізді ірі қара бордақылау кешені» және «30 мың басқа қой бордақылау алаңы» жобалары жүзеге асыру көзделген. Соның нәтижесінде жылына 35,2 мың тонна ет өндіріліп (7,2 мың тонна қой еті, 28 мың тонна МІҚ еті), ет экспортының көлемі 3 есеге арттыру ниет етілген.  

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту туралы тапсырма берген болатын. Осы тұрғыда Түркістан облысында 2024-2027 жылдары жүзеге асырылатын 145 инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. Жобалардың жалпы құны 2,5 триллион теңгені құрайды. Олардың есебінен 20 мыңнан аса жұмыс орны ашылатын болады. Атап айтсақ, өнеркәсіп саласында – 69 жоба, құны – 1,1 триллион теңге, энергетика саласында – 7 жоба, құны – 1 триллион теңге, агроөнеркәсіп саласында – 28 жоба, құны – 151 миллиард теңге, туризм саласында – 16 жоба, құны 149 миллиард теңге, құрылыс саласында – 13 жоба, құны 72,4 миллиард теңге, басқа салаларда – 12 жоба, құны 31,8 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде, шетелдік капиталдың қатысуымен – жалпы құны 431 миллиард теңгеге 6 878 жұмыс орнын құрумен 13 инвестициялық жоба бар, - дейді Түркістан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Бұдан бөлек, өңдеу өнеркәсібі саласында 2024 жылы жалпы құны 24,2 миллиард теңгеге 528 жұмыс орнын құрумен 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Салалар бөлінісінде қарайтын болсақ, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп – 3 жоба, құны – 3,9 миллиард теңге, құрылыс саласы – 1 жоба, құны – 1,5 миллиард теңге, азық-түлік өнімдері – 2 жоба, құны – 3,3 миллиард теңге, жиһаз өнеркәсібі – 4 жоба, құны – 6,9 миллиард теңге, пластмасса өнімдері – 2 жоба, құны 6 миллиард теңге, қағаз өнімдері – 1 жоба, құны – 2,5 миллиард теңге. 

Қорыта айтқанда бұл салада 9 айдың қортындысы бойынша жалпы құны 16,9 миллиард теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылып, 293 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Түркістан облысында кәсіпкерлік сала қарқынды даму үстінде
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында өндірген өнімі түсімі биыл жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу