Түркістан облысында кәсіпкерлік сала қарқынды даму үстінде

Oinet.kz 24-09-2024 16

Еліміздің өзге аймақтарына қарағанда Түркістан облысында шағын және орта бизнес жақсы жолға қойылған. Оны өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен тартылып жатқан инвестициялық жобалардың ауқымының кеңдігінен байқау қиын емес. 

Screenshot_34.jpg

Кәсіпкерлерге мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдау да көп. 

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізу үшін қолайлы бизнесклимат қалыптасқан. Кәсіпкерліктің басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларынан кейін Түркістан өңірінде шоғырланған. Кәсіпкерлердің саны жыл басынан бері 2 мыңға артып, бүгінгі таңда 208,7 мыңды құрап отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік секторында 287 мың адам жұмыспен қамтылған.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да кәсіпкерлерге жасалатын жеңілдіктерді арттырып, кедергілерді азайтуды тапсырды. «Әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет. Сонда шағын бизнес орта бизнес санатына өтуге мүдделі болады. Бізде қазір қолдау шараларының 100-ден астам түрі бар. Бұдан білікті маманның өзі шатасуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қолдау шараларының қаншалықты тиімді екенін мұқият тексеріп шығу керек. Ұсынылатын жеңілдіктердің бизнес өкілдеріне түсінікті бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін финтех тәсілдерін пайдалануға болады, бұл мәселе бойынша тиісті ұсыныстар бар», - дейді Президент Жолдауында. Мемлекет басшысы айтқандай, Түркістан қаласында кәсіпкерлік сала жақсы даму үстінде. Мәселен, 2024 жылғы 1 қазандағы мәліметке сәйкес, Түркістан облысының жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 208,7 мың бірлікті немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштің 97,8 пайызын құрады. Сонымен қатар кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі сенімді өсім көрсетуде. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 150,3 пайызға артып, 916 миллиард теңгені құрады. Жыл соңына дейін өнім көлемін 2 триллион теңгеге жеткізу жоспарда бар, - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетерлік жайт, кәсіпорындар табысының артуына мемлекеттік қаржылай қолдау шаралары тиімді ықпалын көрсетуде. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірыңғай кешенді бағдарлама» арқылы осы жылдың 9 айында бизнес субъектілері 48,8 миллиард теңгеге жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз етілген. 

Сондай-ақ өңірге тартылған инвестиция көлемі де артқан. Еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың барлығы да бір сөзбен айтқанда ел экономикасының әлеуетін арттыруға жұмылдырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан және Адал азамат» атты Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, шетелдік инвестиция тарту арқылы отандық кәсіпорын қуатын арттыруды тапсырып отыр. «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатындай жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру қажет», дейді Президент. 

Сонымен Түркістан облысына 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторы 1 триллион 133,8 миллиард теңге көлемінде бекітілген. 9 айдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған инвестициялар көлемі 822,3 миллиард теңгені (9 айға жоспар – 674,4 млрд тг) құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл 123,4 пайызға өскен. 

- Жалпы алғанда жылдық жоспар 1 149,7 миллиард теңге көлемінде орындалады деп күтілуде. Сонымен қатар 2024 жылы өңірге тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 467 миллион доллар көлемінде бекітілген, осы жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685,1 миллион долларды құрады. Өткен жылы облыс экономикасына 972 миллиард теңге инвестиция тартылып, көлемі 26 пайызға артты. Оның ішінде жеке инвестиция 1,5 есе артып, 588,4 миллиард теңгені құрады. 2024 жылдың 7 айында 499,3 миллиард теңге инвестиция тартылып, 128,9 пайыз деңгейінде қалыптасты. 2023 жылы жоспарланған 56 инвестициялық жоба толығымен іске қосылды (2 141 жұмыс орны ашылды). Жалпы 195 пул қалыптасқан. Биыл жалпы құны 142,4 миллиард теңгеге 59 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Соның нәтижесінде 2 233 жұмыс орны құрылады. 7 айда 76 миллиард теңгеге 25 жоба іске қосылып, 866 жұмыс орны ашылды, - дейді Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов. 

Жетісай ауданында басымдық ауыл шаруашылығы, сауда, өнеркәсіп және құрылыс салаларына берілуде
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестицияның игілігін ел көруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу