Сайрам ауданында туризм саласына 100-ден аса инвестиция тарту жоспарлануда

Oinet.kz 23-09-2024 14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын көтеруге, агроөнеркәсіп кешендеріне несие беру арқылы қолдау көрсетуді билікке тапсырды. Бүгінгі күні Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласына қатысты барлық саланы дамытуға тиісінше көңіл бөлініп келеді. 

Screenshot_30.jpg

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтың айтуынша, осы жылдың 9 айында ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 203,1 миллиард теңгеге жетіп, өсім 19,2 пайызды құраған. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, құрылыс салаларының үлесінде. Жыл қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 269 миллиард теңгеге жеткізіп, 12 пайыз өсімді қамтамасыз ету жоспарланған. Соңғы 4 жылда өзіндік кірістер 2 есе ұлғайған.

- Мемлекет басшысы Жолдауында алдымызға қойылып отырған мақсаттың бірі – ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Диқан қауымы егін себу, көкөніс пен бақша салуды, мал бағуды да жақсы меңгерген. Шағын және орта кәсіпкерліктің де көзін тауып отыр. Дегенмен аудандағы шаруалардың негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Атап айтсақ, негізінен сүт, ет шаруашылығына маманданған, тамақ өнеркәсібі дамыған аудандардың бірі және кәсіпкерлік белсенділігі жоғары. Аудан халқының тығыз орналасуына байланысты тұрғын үй құрылыс үшін берілген жерлердің инфрақұрылым жүйелерімен қамтылмауы, инфрақұрылым жүйелерінің тозуы мен электр қуатының тапшылығы байқалады. Жыл қорытындысымен 135 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып, жеке инвестиция есебінен 2,6 есе ұлғайту көзделген. Алдағы 6 жылда құны 1 115,3 миллиард теңгені құрайтын өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және туризм салаларында 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Нәтижесінде 7 мыңға жуық жұмыс орнын құру болжануда, - дейді Арман Сәбитов.

Облыс бойынша халқы ең тығыз орналасқан Сайрам ауданы экономикасының өсу резервтерін тиімді пайдалану және жаңа өндірістерді іске қосу есебінен өнеркәсіп өнім көлемін 2030 жылға 3,7 есеге немесе 205,4 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Яғни, жоспар бойынша 6 жылда 635,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілмек. 2030 жылға мал шаруашылығы саласында құны 48,1 миллиард теңгеге 15 жобаны іске асырып, өнім көлемін 188,2 миллиард теңгеге жеткізу болжанып отыр. 

- Өнеркәсіп саласында 2030 жылға құны 912,7 миллиард теңгені құрайтын 48 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарымызда бар. Алдағы уақытта сүт өнімдерін өндіру, мал қалдықтарын өңдейтін цех, құрама жем шығаратын, ауыр жүк көліктерінің тіркемесін және арнайы жасақталған көліктер шығару сияқты жобалар мен тамақ өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз, - деген Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов алдағы жоспарларымен де бөліскен еді.

Арыс қаласында алдағы 5 жылда 166 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген
Түркістандық шаруалар тамшылатып суарудың тиімділігін өнімінен көруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу