Арыс қаласында алдағы 5 жылда 166 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген

Oinet.kz 22-09-2024 17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында моноқалаларды дамытуға көңіл бөлу керектігін айтты.

Screenshot_29.jpg

«Саран қаласының экономикасын әртараптандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда автокөлік доңғалағын және тұрмыстық техника шығаратын өндірістер іске қосылды. Соның арқасында бұл елді мекен моноқалалар санатынан шығарылды. Басқа да моноқалаларға дем беру үшін осы тәжірибені қолдану қажет. Жалпы, аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту керек» дейді Президент.

Міне, бүгінгі күні әлеуметтік-экономикасы көтерілген Арыс қаласында өндіріс орындары көбейіп, инвестиция көлемі артып келеді. Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, шаһарда ауыл шаруашылығы, логистика салаларында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жоспардың бәрі Арыс қаласының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясына енгізілген. 

- Президентіміз Жолдауында негізгі бағыт-бағдарымызды айқындап берді. Мемлекет басшысы айтқандай ауданымыздың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамытуға басымдық берілуде. Атап айтар болсақ, биылғы 9 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнімнің көлемі 38,5 миллиард теңгені құрады. Ұсынылып отырған даму жоспарына сәйкес 2030 жылға дейін Арыста өнеркәсіп өндірісі 12,6 миллиард теңгеден, 35,8 миллиард теңге жетіп, 3 есеге дейін өседі деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсібі 20,4 миллиард теңгеге жетіп, 2,5 есеге дейін өссе, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,5 миллиард теңгеге жетіп, 1,5 есеге дейін өседі деген жоспар бар. Сауда көлемін 30,2 миллиард теңгеге, яғни, 2 есеге дейін өсіру көзделген. Ал ауыл шаруашылығы көлемін 74,8 миллиард теңгеге жеткізіп, 2,5 есеге дейін өсіру межеленген. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнім 72,2 миллиард теңгеден 170,7 миллиард теңгеге жетіп 2,4 есеге дейін  өседі деген жоспар бар, - дейді қала әкімі Гүлжан Құрманбекова. 

Сондай-ақ қала әкімінің айтуынша, 2030 жылға дейін Арыста жалпы құны 386,1 миллиард теңгеге құрайтын 166 инвестициялық жобаны іске асырып, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығында 59 жоба жүзеге асырылып, 1843 жаңа жұмыс орны құрылады. Су үнемдеу технологияларын ендіруде 4 жоба іске асып, 105 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Өнеркәсіп саласында жалпы құны 135,6 миллиард теңгені құрайтын 49 жобаны іске асыру көзделген. Ол жоба аясында 1607 жаңа жұмыс орны құру жоспарлануда. Ал білім және  денсаулық саласында 22 жоба жүзеге асып, 685 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. 

Қалаға 107,4 миллиард теңгеге дейін инвестиция тартылып, жылдық инвестиция көлемі 4 есеге дейін өседі деген меже қойылған. Аймақта резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар ашылады. Машина жасау, тамақ өнімдері, құрылыс заттары мен басқада өнімдер, мұнай-химия, көкөніс және жеміс-жидек өңдеу бойынша жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде. 

Подстанция решит вопрос качественного электроснабжения целого массива
Сайрам ауданында туризм саласына 100-ден аса инвестиция тарту жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу