Түркістандық шаруалар тамшылатып суарудың тиімділігін өнімінен көруде

Oinet.kz 23-09-2024 14

Мемлекет басшысы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай көңіл бөлініп отырғанын, биылдың өзінде егін науханына екі есе көп қаражат бөлінгенін, алайда агроөнеркәсіпке бөлінетін бүкіл ақшаның 70 пайызы – мемлекет қаржысы екенін айтты.

Screenshot_31.jpg

Халықтың әл-ауқаты мен тұрмысының жақсаруы тікелей аграрлық саланың дамуына байланысты. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына ерекше серпін беріп отырған бірден-бір жетекші саланың бірі екені белгілі. Соның ішінде Түркістан облысында мақта өндірісіне елеулі көңіл бөлінуде. 

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспановтың айтуынша, Түркістан облысында жыл сайын 106 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Бүгінгі күнге 85 мың гектардан, 215 мың тонна өнім алынып отыр. Өз кезегінде Түркістан өңірінде егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде. Осы мақсатта, биыл Арыс қаласында 1,2 мың гектар алқапқа мақта дақылы орналастырылған болатын. 

- Президентіміздің Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға басымдық берді. Бүгінгі күні Арыс қаласында мақта өсірумен 200-ге жуық шаруа еңбек етуде. Олардың айтуынша, мұнда қарапайым жұмысшылардың ең төменгі жалақысы 300 мың теңгеден басталады және біліктілігіне қарай жалақы жоғарылай береді. Сонымен қатар келесі көктемде егістік маусымына тағы 800-1000 жұмысшы қабылданады деп жоспарлануда. Бұл жергілікті халық үшін үлкен мүмкіндік, өйткені тұрақты жұмыс орындары ашылып, табыс табу мүмкіндігі артады, - дейді ол.

Бүгінгі таңда шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетуде. Инновациялық әдіс, шаруалар мен инвесторлардың оң бағасын алды. Мақта алқаптарына қолданылған су үнемдеу технологиясы суды, электр қуатын, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалана отырып, гектарынан 60-65 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш байырғы тәсілмен салыстырғанда екі жарым есеге жоғары. Шаруалардың айтуынша, жаңа технологияның арқасында қоза көсегі толықтай ашылған. Сондай-ақ, алғашқы көрсеткіш өте жақсы болып отыр.

- Бұл су үнемдеу технологияның тиімділігі, суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан 45-60 центнерден өнім алуға мүмкіндік берді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2-2,5 есеге жоғары. Келесі жылдан бастап алдағы 5 жылда, технологияны 63 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, инвестор мақтаны терең өңдеу көпсалалы кешені кәсіпорындарын құрып, дайын өнімді экспортқа шығаруды жоспарлауда, - дейді Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов.

Сайрам ауданында туризм саласына 100-ден аса инвестиция тарту жоспарлануда
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты өткізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу