Шардара ауданында мақта өндірісін дамыту жайы талқыланды
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп саласын дамытуға ерекше басымдық берген болатын. Ауыл шаруашылығы дақылдары молайту жолдары Шардара ауданында ұйымдастырылған «Шардара ауданы жағдайында мақтаның отандық сорттарының өнімділігі мен төзімділігі» атты тақырыбында семинар өтті.
Ол Ұзыната ауыл округіндегі «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шардара филиалының дала алқабында болды. Семинарды аудан әкімінің орынбасары С.Ильясов ашып, жүргізіп отырды. Оған ауыл округі әкімдері, ауыл шаруашылығы тayapын
өндірушілері қатысты.
- Өздеріңіз жақсы білесіздер, қазір Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде республикада алдыңғы орында. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жасаған сапарында бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, облыстың рухани, мәдени тынысымен және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысқан болатын. Соның ішінде Түркістанның таза әрі көрікті қалаға айналғанын атап өтті. Бұл – бәріміздің ортақ жемісіміз. Өңір жұртшылығы туған жерге және қоршаған ортаға құрметпен қарауды парызы екенін ұғынды. Осы ретте, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының рөлі орасан. Түркі әлемінің астанасы, қасиетті Түркістан шаһары Президенттің бастамасымен енді жаңа статусқа ие болуда.
Түркістан облысының дамуында барлық салалар бойынша оң көрсеткіштер бар. Жалпы өңірлік өнім көлемі 9 айда 3,7 триллион теңгеге жеткен. Бүгінгі күні аймақтағы негізгі басымдық жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Осы мақсатта Сауран ауданында 100 гектар аумаққа «шағын өнеркәсіп парк» жобасын жүзеге асырылуда. Паркте 10 өндірістік ғимараттың құрылысы аяқталып, 8 ірі жоба іске қосылды. Биылғы 9 айда облысқа 822 миллиард теңге инвестиция тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артқан.
Ал ауыл шаруашылығында 747,3 миллиард теңгені құрайтын өнім өндіріліп, Түркістан облысы республикада көшбасшы орында тұр. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 26 жоба іске қосылып, 194 жұмыс орны ашылған. Соның ішінде біздің, Шардара ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің де үлесі бар, - дейді аудан әкімінің орынбасары С.Ильясов.
Жиында «Шардара ауданы жағдайында мақтаның отандық сорттарының өнімділігі мен төзімділігі» туралы сөз қозғалды. Күн тәртібіндегі тақырып бойынша «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Нұрлан Дәуренбек пен «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бөлім басшысы Асанбай Тағаев баяндама жасады.
Семинар барысында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл, аудандық аумақтық инспекциясының инспекторы Н.Оразбаев, «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Нұрлан Нұрлан Дәуренбек, бөлім меңгерушісі Асабай Тағаев, «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шардара филиалының директоры Қайрат Естемиров сөз сөйлеп, пікірлерімен бөлісті.