Жетісай ауданында Жолдауда айтылған жобалар партия мен мәслихат өкілдері тарапынан бірлесе атқарылуд

Oinet.kz 21-09-2024 18

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында еліміздегі саяси партия Amanat партиясына көп міндеттерді жүктей отырып, олардың бастамасынан қолға алынған жобалардың республикамыздың бірқатар өңірінде жақсы жолға қойылып отырғанын тілге тиек еткен еді. 

Screenshot_95.jpg

«Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет. Осындай жоба Amanat партиясының бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында жүзеге асырылды. Үкімет пен әкімдер бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруы керек» дейді Президент Жолдауында.

 Мемлекет басшысы айтқандай, Жетісай ауданында да партия өкілдері тарапынан барлық салада мемлекеттік жобалардың талапқа сай жүзеге асырылуына басымдық берілген. Amanat партиясының мүшесі, Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымовтың айтуынша, VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депуттары 20 сессия өткізіп, қаралған 125 мәселеге қатысты 125 шешім қабылдаған. Халықты толғандырған проблемаларды шешу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға жолданған 158 депутаттық сауалдың 150-не тиісті жауаптар берілген болса, 8 депутаттық сауал орындалу үстінде.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 37 өтініш келіп түссе, барлығы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде мерзімінде жауап берілген. Мәслихат аппаратының кеңсесіне 293 кіріс хаттар келіп түссе, 284 шығыс хат-хабарлар жолданған. Есепті кезеңде аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов мәслихат аппаратында 126 азаматты қабылдаса, ал Amanat партиясы мүшелігіндегі аудандық мәслихаттың 20 депутаты партияның аудандық филиалында белгіленген кестеге сәйкес өткізілген 155 қоғамдық қабылдауда 387 тұлғаның мәселелерінің оң шешілуіне ықпал жасаған.

- Президентіміз Жолдауында жергілікті мәслихаттар мен Amanat партиясының өңірлердегі мүшелеріне зор жауапкершілік пен Amanat партиясының бірлескен жұмыстары барысында ауданда көп жұмыс атқарылды. Атап айтар болсақ, биыл ауданда 29 елді мекенді газдандыру жұмыстары басталып, оның 14-нің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Жыл басынан «Ауыл – ел бесігі» жобасы мен жергілікті қазынадан қаралған қаржылар есебінен 59,27 шақырымды құрайтын 65 көшеге орта жөндеу жұмыстары, 8,4 шақырымды құрайтын 15 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 44 көшені жарықтандыруға, 3 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен 1 саябақты, 2 аллеяны абаттандыруға, лоток салу жұмыстарына 351 млн 256 мың теңге қаржы қаралған.

Сондай-ақ, аудандық мәслихат тарапынан бұқаралық спортты дамыту мақсатында 13 спорт алаңшасын салуға, спорт кешенінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, Жетісай қаласына 5 Воркаут үлгісіндегі спорт алаңшасын салуға, қалаға балалар ойын алаңшасын орналастыру жұмыстарына, жалпы 196 миллион 901 мың теңге қаржы қаралса, ат спортын дамыту мақсатында Жаңа ауыл ауылдық округі Әбдіхалық елді мекенінің аумағын 15 гектарға ұлғайту бойынша шешім қабылданып, атшабарға орын белгіленген, - дейді Медет Қасымов.

Одан бөлек, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен аудандық полиция бөліміне қажетті 30 дана рацияға 23,7 миллион теңге, қосымша құрал-жабдықтарға қамтамасыз ету үшін 13,5 миллион теңге, 2 қызметтік автокөлікке 15,2 миллион теңге, орталық саябақ пен қала көшелеріне бейнебақылау камераларын орнатуға 38,8 миллион теңге қаралған.

Депутаттардың шешімімен «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу мен тұру үшін келген мамандарды қолдау мақсатында 300 адамға 110,7 миллион теңгеге көтерме жәрдемақы төленген.

Халық санының артуына байланысты Асықата кентінің аумағын 336 гектарға ұлғайтуға, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бөлшек салық режимін қолданушы кәсіпкерлер салығын 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетуге, Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толуына орай әрбір ардагерге 50 МРП көлемінде бір реттік жәрдемақы тағайындауға шешім қабылдаған халық қалаулылары 2023 жылдың желтоқсанында өткен сессияда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының сақталуына еңбегі сіңген 25 азаматқа Жетісай ауданының «Құрметті азаматы» атағын берген.

Жалпы аудандық мәслихаты барысында Медет Алмасбекұлының айтуынша, Президентіміздің Жолдауда жергілікті мәслихаттар мен Amanat партиясы мүшелерінің алдына қойған міндеттер талапқа сай орындалуда. 

Түркістан қаласында 260 пәтерлі 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Сауранда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 200 орындық жаңа орталық жұмысын бастап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу