Леңгір қаласында атқарылған жұмыс көп

Oinet.kz 19-09-2024 22

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында тапсырған тапсырмасының бірі – ауылдық аймақтарда өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту. Бұл жұмыстар Төлеби ауданында жоспарлы жүзеге асырылуда. 

Screenshot_88.jpg

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаевтың айтуынша, бүгінге Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласы мен ауылдық округтерде тиісті жұмыстар атқарылуда. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, құрылыс саласында да атқарылып жатқан жұмыстар көп.

- Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында еліміздегі монақалаларға дем беру керектігін, оған Саран қаласында жүргізілген экономикасын әртараптандыру жұмысын қолға алуды тапсырды. Мемлекет басшысы жалпы, аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту керектігін айтты. Бүгінгі күні Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласында ауыл, өнеркәсіп саласында ғана емес, құрылыс саласында да ілгерілеу бар. Мәселен, Леңгір қаласында «Тең қоғам және қазына қария» мекемесінің ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Жастар орталығы» ғимаратыны күрделі жөндеуден өтті. Қапал батыр көшесімен Ә.Бектаев көшелері бойындағы 0,92 шақырым қоршауларды заманауи үлгіге ауыстырылды. Байқоңыр және Қонаев көшесіне бойына суағар орнатылды. К.Ешенқұлұлы көшесімен Т.Қырықбаев көшесіне ұзындығы 1,90 шақырым, Күмістөбе және Достық көшесіне 1,710 шақырым аяқ жол салынды.  Леңгер қаласының бас жоспарына өзгертулермен түзетулер енгізуге қаржы қарастырылып жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі, - дейді Сержан Дауылбайұлы Леңгір қаласының тұрғындарымен болған кездесуде.

Атап айтсақ, бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде азаматтарды ашық диалогқа шақырып, оларды толғандырған мәселелерге назар аудара отырып Төлеби ауданы әкімдігінде ауқымды жобалар жүзеге асуда. Тұрғындармен кездесуде, жеке қабылдауларда өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелер ашық айтылып, оларды шешудің ұтымды жолдары қарастырылуда. 

«Төлеби ауданының тұрғындары кез келген мәселемен жергілікті атқарушы билікке жүгіне алады» дейді аудан тұрғындарымен болған кездесуде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев. 

Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев  тұрғындармен кездесуінде ауданның әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, 2024 жылы жүзеге асатын жобалармен таныстырды. Оның айтуынша, екінші жарты жылдықтағы Ленгір қаласында өткен соңғы кездесуінде, бүгінге дейін 12 ауылдық округте болып, халықтың арыз-шағымын, өтінішін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолу жолдарын қарастырғанын айтты.  

Сондай-ақ биыл Қапал батыр көшесі бойынан 5 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысы басталғанын жеткізді. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан 45 тұрғын үй сатып алуға қаржы қарастырылып, жұмыстар атқарылуда. Алатау мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникация құрылысының автомобиль жолдарының, ауыз сумен жабдықтау, электр жүйесі, табиғи газ  жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Леңгер қаласынан қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылысы үшін жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 13,3 миллион теңге қарастырылып жоба әзірленуде.

- Леңгер қаласының 17 көшесінің 10,7 шақырымына түнгі жарық шамдары орнатылуда. Жарықтандыруға19,8 миллион теңге қаралды. Леңгер қалалық ауруханасында  орналасқан «Шаңырақ 35/6 кВ» қосалқы станциясын ағымдағы жөндеуден өтті. Алатау шағын ауданындағы 2 гектар жер теліміне ПС-110/10 кВт қосалқы станциясының құрылысы аяқталуда. Леңгер қаласының ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. №1-ші шағын ауданы қазандық ғимаратын жылу жүйесін ағымдағы жөндеуден өтуде. Леңгер қаласының №1-ші мөлтек ауданы «Аманта» сауда үйінің жанына сергек камерасы орнатылды. Таскешу каналының Ленгер өзенінен бастау алатын 259 метр жеріне темір бетон науа қойылды, - дейді Сержан Дауылбайұлы. 

Аудан тұрғындарымен болған кездесулерден кейін өңір басшысының уақытша міндетін атқарушы өкіл аудан тұрғындарына арнап жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген Киелітас ауылдық округінің тұрғыны М.Қалқабаев мешіт алдына асфальт төсеуді сұрады. Сала мамандарынан Қожамжар көшесіне 2025 жылы толық асфальт төсеу үшін бюджеттік өтінім берілгенін түсіндірді. Ал Бірінші Мамыр ауылдық округі Зағамдар елді мекенінің тұрғыны Д.Бекбауова бастаған бір топ азамат өздерінің тұрғылықты көшелеріне жол төселіп, ауыз су құбыры тартылып, электр жарығымен қамтылғанын айтып, ендігі кезекте табиғи газ әр үйге кіргенімен құжаттары болмауына байланысты оны қосуға рұқсат ала алмай отырғанына шағымданды. Тұрғындар орталық көшеден өткен газ құбыры барлық тұрғын үйге тартылғанын айтып, табиғи газды қосуға рұқсат беруді өтінуде.

 Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы көтерілген мәселелердің заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Сондай-ақ сала мамандарына жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, жеке қабылдауда айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштер назардан тыс қалмауын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді. 

Төлеби ауданында еңбек адамдары құрметке ие
Түлкібас ауданында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың өніміне деген сұраныс артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу