Түркістан облысында алдағы жылы туристер санын 2,5 есеге арттыру көзделуде

Oinet.kz 17-09-2024 15

Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында табиғат игілігін ел игілігіне зиян тигізбей пайдалануды ұсынды. Бұл елдегі эко туризімнің дамуына жол ашып отыр.

Screenshot_84.jpg

Қазірдің өзінде Түркістан өңірі еліміздегі бірден-бір туристік орталыққа айналып үлгергені белгілі. Шет мемлекеттен келетін туристер қатары да жыл санап артуда. Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиевтың айтуынша, Түркістан өңіріне қызығушылық танытушылар қатары артқан. eQonaq ақпараттық жүйесіне жыл басынан бері Түркістан облысына келген 17419 шетелдік қонақ тіркелген. Атап айтсақ, Өзбекстаннан 10 920, Ресейден 1425, Қытайдан 989, Түркиядан 751, Қырғыз елінен 438, Үндістаннан 368, Франциядан 300, Германиядан 217, АҚШ-тан 192, Италиядан 177 азамат келіпті.  

- Бүгінде қоғам шексіз мүмкіндіктер кезеңінде өмір сүріп жатыр. Бұрнағы жылдары мүмкін еместей көрінген дүниелерге қазір етіміз үйренгені соншалық, оған тіпті таңғалмайтын болдық. Ойлап қарасақ, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана хабар алудың негізгі құралы ретінде пошталарды пайдаланған болсақ, ал қазір түрлі функциялармен жабдықталған смартфондарды қолдануды үйрендік. Көптеген технологиялық дамудың нәтижелеріне қол жеткізудеміз. Сол секілді, бүгінгі заманауи игіліктердің бәрін бірінен соң бірін тізе берсеңіз тізгінді тарта алмай қалуыңыз мүмкін. 

Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттердің күн тәртібіндегі мәселе – жаппай цифрландыру болып тұр. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар да аз емес. Президент Жолдауында айтылған цифрландыру туризм саласына соны серпін әкелгенін көріп отырмыз. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын аясында Үкімет бес бағыт бойынша міндеттерді алға қойды. Оның екінші бағыты аясындағы цифрлық технологиялар ел тұрғындары мен шетелдік туристерге үлкен мүмкіндіктер бермек, - дейді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар eQonaq жүйесі қонақтар ең көп тоқтаған үздік 5 қонақ үйдің тізімін ұсынды. Бірінші орында – 2317 туристті қабылдаған «Karavansaray Turkistan» қонақ үйі, екінші орында – 1891 қонақты күткен «Hampton by Hilton» қонақ үйі, үздік үштікте 821 шетелдік орналасқан «Rixos Turkistan» қонақ үйі бар. Бұдан бөлек, «Grand Khanaka» қонақ үйіне 274 турист, «Silk Way Turkistan» қонақ үйіне 218 шетелдік қонақ тоқтаған.

eQonaq – туристік ағынды және көші-қонды бақылауды жинауға және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе. Аталған жүйе орналастыру орындарының бірыңғай реестрін құру, туристердің келу-кету әрекеттерін бақылау және есепке алу, турист ағымын және портретін сараптау, сондай-ақ туристердің тұрақтау кезіндегі тұрмыс сапасын жақсартуға арналған алуан қызметтерді ұсынады.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі туризм саласын дамыту бойынша жол картасы бекітілді. Жол картасында туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, «Open Turkistan» мен аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру қарастырылған. Нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен ішкі туристердің санын 25 пайызға, шетелдік туристердің санын 2,5 есеге, туризм саласындағы қызмет көлемін 30 пайызға жеткізу күтілуде.

Шардара су қоймасы балықтандырылуда
Арыс қаласындағы мақта өңдеу зауыты жұмысшы санын 4 мыңға жеткізуді жоспарлауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу