Сарыағаш ауданында «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға өтініш берген округтер көп

Oinet.kz 17-09-2024 16

Елімізде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы бүгінде өз тиімділігін танытып келеді. Президент Жолдауында айтылған «Ауыл аманаты» жобасы Сарыағаш тұрғындары тарапынан қолдау тауып, жобаға қатысуға ниет білдірген ауылдық округтердің қатары артқан.

Screenshot_82.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бүгінгі күні мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қолдау аз емес. Әсіресе инвестициялық жобалар мен «Ауыл аманаты» жобасы халықтың үдесінен шығуда. 

- Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында  қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы халықтың табысын арттыруға оң ықпал етті. Осы ретте, жоба бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жақсы көрсеткішке ие. Айта кетсек, Президен Жолдауында көтерген «Ауыл аманаты» жобасы аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Пилоттық жоба бойынша несиелендіру өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары секілді 6 бағытта жүзеге асырылуда. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарламаның іске асырылуы тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы жеке табысын ұлғайтуға, ауылдардағы мүлікті және бизнестің жаңа субъектілерін тіркеу арқылы 4-деңгейдегі бюджеттің салық базасын ұлғайтуға, толық циклді қайта өңдеу өндірістерін құру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беруде, - дейді аудан басшысы. 

Сарағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Amanat партиясының аудандық фракциясында «Ауыл аманаты» жобасының өңірде жүргізілу барысы туралы берген есебінде де жоғарыда айтқан мәліметтерін басшылыққа алып, жұмыс барысымен таныстырды. Ол келелі жиынға осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппарат басшысы, қала және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, Amanat партиясы фракциясының төрағасы Ш.Ибрагимов және мүшелері, аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов, Amanat партиясының аудандық филиалының төрағасы Қ.Қыстаубаевтар қатысқан еді. 

Еліміздің вице-премьері Тамара Дүйсенова Президент тапсырмасы бойынша «Ауыл аманаты» жобасының барысын зерделеу бойынша өңірлерді аралап шыққан кезде, мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдалана білген кәсіпкерлер алдағы уақытта өз кәсіптерін әртараптандыруға баса күш салу керектігін атап өткен еді. 

«Мемлекет тарапынан азаматтарды қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Егер ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартамыз десек, «Ауыл аманаты» жобасымен қатар, жастарға берілетін гранттар мен жеңілдетілген несиелер, «Ауыл – ел бесігі», субсидияланатын жұмыс орындары секілді қолдау шараларын бірлесе қолданған жөн. Бұл ретте облыс әкімдігі мен мүдделі орталық мемлекеттік органдардың жүйелі әрі үйлесімді жұмысы қажет. Сондай-ақ, кәсіпкерлер дәстүрлі ауыл шаруашылығымен айналысқан жағдайда кәсібін әртүрлі салада дамытуға бейімделу керек. Өйткені, барлығына қолжетімді кәсіп түрлерінде бәсекелестік күн сайын арта беретіні сөзсіз. Сол себепті мұнда жаңа технологияларға басымдық беріп, жаңа инновацияларды енгізуге қызығушылық таныту аса маңызды. Сонда ғана жоба халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы тиімділігін таныта алады», - деген еді премьер министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Премьер министрдің орынбасары айтқандай, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жобаға ауылдық округ тұрғындары белсене қатысуда. 

«Өткен жылы  пиллоттық жобаға қатысушы ретінде ауданға қарасты 4  ауылдық округ, атап айтқанда, Жібек жолы, Жарты төбе, Қызылжар, Құркелесте жүргізілген скрининг жұмыстарының нәтижесінде әр ауылдық округтің мамандандырылуына қарай басым бағыттар айқындалып, негізгі 6 бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Аталған ауылдық округтер кесіндісінде 4  ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, несие алуға ниетті азаматтар осы кооперативтерге біріктірілді. Нәтижесінде 820 азамат жұмыспен қамтылған. Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жаңадан  4 ауылдық округ, атап айтқанда: Қабланбек, Дербісек,Тегісшіл, Дарбаза  ауылдық округ тұрғындарымен жүзеге асыру жоспарлануда», дейді аудан әкімі Арман Абдуллаев. 

Мәжіліс соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, жан-жақты талқыланды. 

Шардара ауданында каналдар тазаланып, егіс алқаптарына су жеткізілуде
Шардара су қоймасы балықтандырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу