Түркістан облысында жыл соңына дейін 559,6 шақырым жол жаңғыртудан өткізіліп, пайдалануға беріледі

Oinet.kz 16-09-2024 15

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды назардан тыс қалдырмаған еді. 

Screenshot_79.jpg

Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Жол күре тамыр. Бұл бағытта қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар баршылық. Бүгінгі таңда Түркістан қаласы мен аудандардағы автомобиль жолдары уақыт талауына сай жаңғыртылуда. Соның ішінде Түркістан қаласында атқарылған жұмыс ауқымы кең. 

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Атап айтқанда, 30, 32, 36-ші көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі мен салаға жауапты басшылардың тұрақты бақылауында. Жоғарыда айтылған көшелердегі жол құрылысы барысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов салаға жауапты басшылармен бірге жалпы Түркістан қаласында құрылысы жүріп жатқан жол нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысқан болатын.

Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, биыл Түркістан аумағында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 1061,3 шақырым жолдар мен көшелерді жөндеу жоспарланған. Оның ішінде, облыстық маңызы бар 379,5 шақырым жол болса, аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 97,3 шақырым. Сондай-ақ елді мекендерде 584,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Жыл соңына дейін 559,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларының басты бағытының бір саласы қала мен ауыл тұрғындарының жағдайын, өмір сүру сапасын жақсартып, жол көлік логистикасын дамыту болатын. Сонымен бірге Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. Өйткені, мемлекетіміз үшін әрбір азаматтың ой-пікірі маңызды. Біз осы Президенттің Жолдауда айтқан тапсырмасын басшылыққа алып жұмыс істеудеміз. Түркістан қаласы мен аудандарда халықпен болған кездесуде елдің жиі көтеретіні жол мәселесі. Жолдарды жақсарту, оны күтіп-ұстау барысында көп жұмыс істелуде. Бүгінгі Түркістан қаласында жөнделіп, асфальт жабыны төселіп жатқан жолдар халықтың сұранысымен жүзеге асырылуда. Барлық жұмыс Президент айтқандай елдің жайлылығы, жақсы өмір сүруі үшін жасалуда, - дейді Зұлпыхар Жолдасов. 

Құрылыс барысын аралау кезінде аймақ басшысының орынбасары мердігерлермен кездесіп, жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімі бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Қазіргі таңда «Каратас Майнинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 30-шы көшенің асфальт жабындысы төселіп, көгалдандыру жұмыстары басталуда. Сонымен қатар 32-ші көшенің негізгі қабаты төселіп, алдағы уақытта көгалдандыру жұмыстары басталмақ. Бұдан бөлек, «Bazis Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 36-шы көшенің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. «Бүгінде аталған көшенің негізгі қабаттары төселіп, асфальт жабындысын салу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл көше пайдалануға тапсырылған соң, Б.Саттарханов көшесіндегі, 9 және 11 көшелердегі көлік кептелістер азайып, Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Түркістан халықаралық әуежайына баратын жолды байланыстыратын болады. Нысанның құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі» дейді Зұлпыхар Жолдасов.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты басшыларға жол құрылыс жұмыстарын тұрақты қадағалауға алуды, жол сапасын тексеретін арнайы мекемелермен «Жаңа қала» шағын ауданы аумағындағы жаңа жолдардың жәй-күйін қайта тексеруден өткізіп, кемшіліктерді кепілдік негізінде қалпына келтіруді тапсырды. 

Сарыағаш ауданында Президент тапсырмасы аясында екі мектеп салынуда
Түркістандық шаруалар балық шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу