Түркістан облысында табиғи аумақтарға келушілер саны едәуір артқан

Oinet.kz 14-09-2024 19

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында елдегі туризімді табиғатқа зиян келдірмей пайдалану керектігін айтты. 

Screenshot_73.jpg

Президент тапсырғандай Түркістан облысында эко туризм қарқында дамып келеді.

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты, табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аймақтың бірі - «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи парк (МҰТП) аумағы. Сондай-ақ ауданның географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы инвесторларды қызықтырып отыр. Сонымен қатар бүгінгі таңда туризм саласы уақыт талабына сай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландырылуда. Бұл – өңір туризмінің дамуына және жарнамасына зор әсерін тигізіп келеді.

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиевтың айтуынша, аймақта эко туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінген. 2024 жылдың 9 айының қорытындысымен табиғи аумақтарға келушілер саны 109,5 мың туристі құраған.  

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Туризм жобаларын жүзеге асырғанда табиғатқа зиян келтірмей, экологияны сақтау барынша маңызды екенін ерекше атап өткім келеді», деп экологиялық жағдайды да баса назарда ұстауды биілікке тапсырғаны белгілі. Біз инвесторларды туризмді дамытуға тартқан кезде Президенттің тапсырған тапсырмасын басшылыққа аламыз. Қазіргі таңда облысымызда орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік-рекреациялық мақсатта 30 туристік соқпақтар мен маршруттар құрылған. Соның бірі – «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағы. Мұндағы 11,7 пайыз немесе 17519 гектар жер телімі рекреациялық және туристік қызмет аймағы болып саналады. Аталған аумақта келушілерге арнап 11 туристік соқпақ ұйымдастырылған. Қазіргі таңда парк аумағындағы жалпы ауданы 343,2 гектарды құрайтын 29 жер телімі туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға берілген, - дейді Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев.

Жалпы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи ұлттық парк аумағында 7 қонақ үй, бір аңшылар үйі кешені, 6 монша және жасақталған 94 демалыс алаңқайы, 38 автотұрақ, 77 қоқыс жәшігі, 52 қоқыс контейнері, 48 санитарлық-гигеналық торап, 40 дана арнайы тамақ пісіретін немесе от жағатын орын келушілерге қызмет көрсетеді. Бұл орындарға, басқарма басшысының айтуынша, әсіресе, жаз айларында сұраныс артады екен. Дегенмен, басқарма тарапынан алдағы уақытта аталған аумақта демалыс нысандарын көбейту жоспарлануда. 

Түркістан қаласында жоба аясында салынған жаңа мектеп пайдалануға берілді
Кентау қаласында «Мансап» орталығы арқылы жұмысқа орналасқандар қатары артқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу