Кентау қаласының экономикасы жыл санап артуда

Oinet.kz 08-09-2024 18

Бүгінгі күні Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жақсара түскен. Оны өткен айларда атқарылған жұмыстарға қарап аңғару қиын емес.

Screenshot_56.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында ел экономикасын көтеруге ерекше басымдық беріп отыр. 

Президентіміз: «Біз дамудың жаңа бағдарын белгіледік. Экономиканы әртараптандыру ісіне тың серпін бердік. Инфляция баяулады, яғни былтырғы ең жоғарғы деңгейден 2,5 есе төмендеді. Еліміздің халықаралық резерві 100 миллиард доллардан асты. Өңдеу өнеркәсібі тау-кен саласымен салыстырғанда жылдам өсіп жатыр. Біз осы қарқынды жоғалтпауымыз керек. Бұған дейін жасалған қолайлы жағдайды тиімді пайдаланып, жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Үкімет және әкімдер экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуға тиіс. Еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктерді қарастырған жөн. Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру. Жұмысты дұрыс үйлестіре білсек, бұл – қолдан келетін шаруа» деп айтқандай, Кентау қаласында да тапсырылған жұмыстар тиісті деңгейде атқарылуда. 

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың айтуынша, 9 айдың қорытындысымен Кентаудың жалпы өңірлік өнімнің көлемі 61 миллиард теңгені құрады. Ал 2030 жылға дейін жергілікті кірістер көлемін кемінде 1,5 есеге дейін арттыру көзделіп отыр. Өткен жылы қалаға 46,7 миллиард теңге инвестиция тартылған болса, биыл оның көлемін 50 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Биылғы 9 айда нақты 17,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. 

Кентау қаласының аумағында геологиялық-барлау жұмыстарын  жүргізуге тартымды, пайдалы қазбаның зерттелмеген және пайдаланылмаған жеткілікті қоры шоғырланған. Қала аумағында орналасқан Арнайы экономикалық аймағы мен Индустриалды аймағының мүмкіншіліктерін және еңбек потенциалын ескере отырып, дамытудың негізгі бағыты ретінде өнеркәсіп саласында тау-кен және өңдеу өнеркәсіптеріне басымдық беріледі. Өзге салалар бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Кентау қаласында 2024-2030 жылдарға жалпы құны 226,6 миллиард теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 1791 адам жұмыспен қамтылады. Туризм саласында 2025 жылы 2 жоба іске асырылады. Жалпы құны - 959 миллион теңге, жұмыс орны – 70 адам. 2025-2030 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың есебінен 2,5 миллиард теңге салықтық түсімдері түседі деп жоспарланып отыр. Іске асырылатын инвестициялық жобалардың нәтижесінде жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2030 жылға дейін 2 есеге арттыру жоспарлануда.  Оның ішінде өнеркәсіп саласындағы өнімді  2,4 есеге арттыру, ауыл шаруашылығы саласын 1,5 есеге, құрылыс саласын 1,6 есеге арттыру көзделген. 

- Мемлекет басшысы Жолдауында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының көктем айынан бастап жүргізіліп келе жатқанын айтты. Президент айтқандай, бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. Осы бастамаға Кентаулықтар да өз үлестерін айтарлықтай қосып келеді. Кентау қаласы бойынша осы жылдың күз айына облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан жоспарына сәйкес 9000 түп қарағаш отырғызу тапсырылған болатын. Оның 7650 түбі «Жасыл аймақ» учаскесіне отырғызылмақ. Қалған ағаштар қалаға қарасты 4 ауылға 1350 түп көшет беру жоспарлануда. Сондай-ақ, 2025 жылдың көктем айында  8250 түп,  күз айында 8250 түп көшеттер отырғызу жоспарға енгізіліп отыр, - дейді «Жасыл қала» коммуналды мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Гайруллаев. 

Сонымен бірге қаланың құрылыс пен жол саласында да атқарылған жұмыстар аз емес. Мәселен, қалалық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы Д.Байсейтовтың айтуынша, биыл қалада 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй мен 3 қабатты 30 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқталып, тапсыру жоспарланған. 

- Мемлекет басшысы Жолдауында жол құрылысы Биыл Түркістан облысында 1100,3 шақырым жол жөнделіп жатыр. Жыл соңына дейін соның 546,6 шақырымы, яғни 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Оның ішінде Кентау қаласына қарасты 22 көше бар. Олардың жалпы ұзындығы 14.5 шақырымнан асады. Аталған жолдардың сапасын нығайту, бақылауды күшейту күн тәртібінде тұрған жайт, - дейді қала әкімі Жандос Тасов.

Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласына қарасты Байылдыр, Қарнақ ауылы және оған қарасты Құсшы-ата елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 16 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, орташа жөндеу жұмыстары басталып, асфальт жабындыларын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қарнақ ауылындағы Қашқари, Жаңа бақ көшелеріне асфальт жабындылары төселген. Есімхан Шағай көшесіне асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандардығы тиісті жұмыстарды осы айының соңына дейін аяқтау көзделуде. 

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында Шанхай шағын ауданындағы 4,2 шақырымды құрайтын Степная және Гаражная көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында 300 орындық мектеп салынады
Түркістан облысында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруға басымдық берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу