Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында 300 орындық мектеп салынады

Oinet.kz 12-09-2024 18

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты.

Screenshot_68.jpg

Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» дейді Президент.

Жалпы Түркістан облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектептің құрылысы жүргізу жоспарланған. Мектептердің жобалық қуаттылығы – 49 000 орын, 2024 жылы – 29 мектеп, 2025 жылы – 34 мектеп пайдалануға беріледі деп көзделген. Ал Келес ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша аудан орталығында 1500 оқушыға арналған мектеп, Біртілек ауылдық округінің орталығынан 600 орындық, Оразата елді мекенінен 300 орындық, Ошақты ауылдық округінің Сарыжылға елді мекеніне 300 орындық, Жиделі елді мекеніне 600 орындық, Ақтөбе ауылдық округінің Ескіқорған, Жуантөбе және Ғани Мұратбаев елді мекендерінен 600 орындық, Алпамыс батыр ауылдық округінің Қауыншы елді мекенінен 600 орындық мектеп құрылыстарын жүргізуге ұсыныс берілген. Сонымен Келес ауданында жоба аясында 9 мектеп соғу жоспарланған. Ол үшін ауданында 9 елді мекеннен жаңа үлгідегі мектеп құрылысын жүргізу үшін арнайы жер телімдері бөлінген. 

Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев ауданға қарасты Ескіқорған елді мекенінде жаңа білім ғимараты салынатындығын ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде атап өтті. 

- Мемлекет басшысы Жолдауында «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 500-ден аса мектеп салынатынын айтқан еді. осы жобаға ауданымызда 9 елді мекенді ұсыдық. Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде Ескіқорған ауылындағы мектептің жайы талқылануда. Аталған мәселе аудан әкімдігінің бақылауында. Осыған дейін де бірнеше рет өздеріңізбен кездесіп, аталған жайтты талқылаған болатынбыз. Нәтижесінде Ескіқорған ауылының аумағынан 300 орындық жаңа білім ғимаратын салу жоспарға еніп, арнайы жер телімі қарастырылды. Ол мектеп бастапқыда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынуы жоспарланғанымен бүгінде түрлі себептерге байланысты мектеп құрылысы облыстық бюджет есебінен салынатын болды, - деді аудан әкімінің орынбасары Даурен Нұрланұлы өз сөзінде. 

Жалпы бүгінгі таңда Келес ауданында 65 білім ошағы бар. Биыл ауданда 2 мектеп қолданысқа берілсе, 5 мектептің құрылысы жүргізілуде. Нақтырақ тоқталсақ, Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев елді мекенінде, Біртілек ауылдық округінің орталығында және Абай ауылында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 600 орындық білім нысандарының құрылысы биыл аяқталса, Ақтөбе ауылдық округінің Көгерту және Ошақты ауылдық округінің Жиделі ауылдарынан облыстық бюджет есебінен 300 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде. 

Келес ауданында күзде 25300 түп ағаш отырғызу жоспарлануда
Кентау қаласының экономикасы жыл санап артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу