Кентау қаласында 2217 адам жұмысқа орналастырылды

Oinet.kz 12-09-2024 16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдыңғы және жаңа Жолдауларында ел азаматтарын жұмыспен қамту, ерекше жандарды мемлекет қамқорлығына алу, оларға жағдай жасау, кәсіп бастауға ниет еткен азаматтарға қайтарымсыз грант тағайындау, пайыздық мөлшері аз несие қарастыру жұмыстарын көтеріп, жүйелі тапсырмалар берген болатын. 

Screenshot_66.jpg

Президент тапсырмасынан кейін елімізде түрлі бағдарламалар мен жобалар қолға алынды. Соның арқасында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар да мемлекет қамқорлығын сезініп отыр. 

Мәселен, Кентау қаласында осы жылдың 9 айында 2217 адам жұмыспен қамтылған. Оның 911-і тұрақты жұмысқа орналасса, 1306 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған.  

- Президентіміз: «Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді» деді Жолдауда.

Бұл – еңбек адамы ел игілігінің негізі екенін көрсететін маңызды қадам. Ал, еңбек адамына шынайы қолдау көрсету оның еселі еңбегін құрметтеуден, мойындаудан басталады, - дейді Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов. 

Сонымен қала әкімінің айтуынша, қала тұрғындарының 148-і әлеуметтік жұмыс орындарында, 304 азамат жастар практикасында, 659 адам қоғамдық жұмыстарда тер төгіп жүр. Сонымен қатар, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 90 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 105 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, жеке бастамалар аясында «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орны» бойынша 755 жаңа жұмыс орындары ашылған. 

«Қала тұрғындарының «Бастау Бизнес» жобасына да қызығушылығы жыл санап артып келеді. Биыл жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 248 адам қамтылды, оның ішінде 199 адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 81 грант берілді» дейді қала әкімі. 

Бәйдібек ауданында мал, құс және балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда
Келес ауданында күзде 25300 түп ағаш отырғызу жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу