Келес ауданында кәсіпкерлерлерге қолдау көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында агроөнеркәсіп кешендеріне қолдау көрсету маңызды міндеттің бірі екенін атап өтті.
«Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. әр ауылда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет» дейді Президент. Жалпы, отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті.
Бүгінгі күні осыны өзінің басты қағидасына айналдыра білген Келес ауданында ауыл шаруашылығымен қатар кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Мәселен, Ұшқын ауылдық округінің Достық ауылында айына 10-15 тонна ет өнімін өндіретін кәсіпорын іске қосылған. Ауыл тұрғыны Үсен Орынбаевтың бастамасымен қолға алынған жобаның жалпы құны 100 миллион теңгені құрайды. Биыл іске қосылған кәсіпорын 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сол сияқты жеке кәсіпкер Гүлзира Қабланбекқызы биыл шұлық өнімдерін өндіретін цехтің ашып, екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның айтуынша, мұндағы негізгі жұмысты арнайы роботтандырылған құрылғы атқарады. Цехта тәулігіне 200 шұлық тоқылады. Кәсіпкер алдағы уақытта жұмыс өнімділігін арттыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округіне қарасты Ақжол ауылында 3,4 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы салынуда. Аталған жоба «Ақжол» қндірістік коопертиві қолға алған. 2025 жылы іске қосылатын қойманың жобалық құны 800 миллион теңгені құрайды. Қойма іске қосылған соң 10 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген.
Айта кетейік, Келес ауданы ауыл шаруашылығы дақылдарын өндуге қолайлы аймақ болып табылады. Алпамыс батыр ауылдық округі тұрғындарының дені ерте пісетін көкөніс дақылдарын өндіруін есепке алған кәсіпкер аталған жоба арқылы ұтымды шешім қабылдаған.
- Жалпы Алпамыс батыр ауылдық округінде 3171 гектар жер учаскесі қарасты, ауыл халқы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар мал шаруашылығыменде айналысады. Ауылдық округте 6 өндірістік кооператив, 318 шаруа қожалықтар жұмыс істеп келеді. Шарулар 1070 гектар алқапқа егін салса, 534 гектар жер ортақ жайылым болып есептеледі. Биыл 2 өнім алу тәсілімен көлемі 753 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Егіс алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ер-Тайыр» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне баратын ағын су арналарына көктем айларында тазалау жұмыстары жүргізіліп, су кедергісіз жеткізілді. Ендігі кезекте егіндіктерге ағын су жеткізу үшін арық-атыздарды тазалау қазан-қараша айлаында да жалғасатын болады. Жалпы 28 шақырым аумаққа яғни, 25 қашыртқыларды ағымдағы және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде, - дейді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.