Келес ауданында бір ауыл көгілдір, екі ауыл таза ауыз су игілігін көргелі отыр

Oinet.kz 09-09-2024 16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Үкімет пен жергілікті басшыларға елдегі инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігін тапсырды. 

Screenshot_59.jpg

Соның ішінде елді мекендерді көгілдір отынмен және таза ауызсумен қамту мәселесі де бар. Бұл екі мәселе әлі де өз өзектілігін жойған жоқ. Аталған қос мәселені келес ауданының әкімдігі ауданның даму жоспарына сейкес кезең-кезеңмен шешуде.

Бүгінгі күні Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округінің Ұшқын елді мекеніндегі 3750 тұрғын табиғи газбен қамтылған. Абоненттер саны 510-ды құрайды. Яғни бүгінде ауылдың 52 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр. Бүгінгі таңда Достық және Қоралас ауылдарына табиғи газ тарту үшін бюджеттен қажетті қаражаты қаралып, құрылысты жүргізетін жеңімпаз мердігер анықталған. Бұл тураы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.  

- Мемлекет басшысы Жолдауында елді мекендерді қажетті инфрақұрылыммен қамту мәселесіне мән берді. Инфрақұрылым дегенде оған газ, жол, таза ауыз су, жарықтандыру жатады. Міне, бүгін өздеріңізбен қайта жүздесіп, ауылдың түйіткілді мәселелерін талқылау мақсатында алдарыңызға келіп отырмын. Ұшқын ауылдық округі ауданымыздағы үлгілі округтердің бірі. Мұндағы елді тазалыққа бей-жай қарамайтындығы, елдің ынтымақ бірлігі көз қуантады. Сіздердің өткен жолғы кездесулерде көтерген өзекті мәселелерді шешу бағытында іс-шара жоспары жасақталып, бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтсам, Достық ауылындағы ауыз су ұңғымасында ауыз судың дебиті азайып кетуіне байланысты жаңа ұңғыма қазу жоспарланды. Аталған жұмыстар алдағы аптада басталатын болады.    Қоралас елді мекеніндегі Жаңаталап, Алаш, Жастар, Еңбекші, Жантақсай, көшелеріне шағал төсеу жұмыстары жүргізілді. Биыл бір ғана Ұшқын ауылдық округіне 550 миллион теңге көлеміндегі инвестиция тартылып, 4 кәсіпкерлік нысандар ашылды. Олар, «АзияМед» медециналық клиникасы, шұлық тоқу цехы, мал бордақылау алаңы және асхана мен наубайхана.  Аталған нысандарда 65 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, - деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы. 

Сондай-ақ биыл инфрақұрылымы жүргізілген Ұшқын ауылдық округінің Достық елді мекенінен тұрғын үй құрылысы және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін азаматтарға 172 жер телімі берілген болатын. Осы азаматтардың 115-не тұрғын үйдің қабылдау актісі негізінде жер учаскесі жеке меншікке берілген. 48 азаматтың жер учаскесі шешімде көрсетілген мерзімде игерілмеуіне байланысты мемлекеттік меншікке қайтарылып алынды. Сондай-ақ, Ұшқын ауылдық округіне қарасты Қоралас ауылынан оңтайланған бас жоспарға сәйкес 300 орындық мектеп құрылысына 2,23 гектар жер учаскесіне жер таңдау актісі жасалып, тиісті мекемелерден келісім алынып, ауданның білім бөліміне ұсыныс хат жолданған.   

Сондай-ақ табиғи газбен қамтылмаған 6 елді мекенді газ жүйесімен қамтуға газ жеткізгіш құбырдың құрылыс жұмыстары басталды. Табиғи газбен қамтылмаған 6 елді мекенге газ жеткізгіш құбырдың құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «Отау-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталып қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Тапсырыс беруші Келес аудандық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың соңында аяқталуы көзделген. 

Таза ауыз су бойынша Ақжол және Қауыншы елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Алайда белгіленген межеден жер асты суының аз болуы салдарынан қос ауылды ауыз сумен қамту шаралары кешеуілдеген. Дегенмен аудан басшысы Жәнібек Ағыбаевтың тиісті шараларды қабылдап, жауаптыларға нақты тапсырмалар беруінің нәтижесінде Ақжол және Қауыншы ауылдарына су беруге дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Жобаның жүзеге асуын бақылау және қадағалау мақсатында аудан әкімі Жәнібек Есенұлы Алпамыс батыр ауылдық округінде болды. Аудан басшысы мердігермен жобаның жүзеге асу барысын талқылап, тиісті тапсырмаларды берді. Бүгінде Ақжол ауылының ішкі жүйелеріндегі кемшіліктер ретке келтіріліп, тексеру шаралары атқарылды. Қазіргі таңда мердгер Қауыншы ауылының ішкі жүйелерін реттеу, тексеру жұмыстарын атқаруда. Ай соңына дейін жоспарлы жұмыстар аяқталып, тұрғындарға ауыз су беру шаралары басталмақ. 

Айта кетейік, қос ауылды ауыз сумен қамту үшін мердігер өз қаражаты есебінен Біртілек ауылдық округінің Ораз ата елді мекені аумағынан 200 метр тереңдіктен жер асты суын қазып шығарды. Ақжол елді мекенінде орналасқан ұңғымаға дейін 3,8 шақырымға құбыр тарту жұмыстары жүргізілді.  

Келес ауданында ирригация жүйесі мен жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Келес ауданында кәсіпкерлерлерге қолдау көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу