Шымкент қаласында жастар ресурстық орталығы дін тақырыбында жиын өткізді

Oinet.kz 29-09-2023 300

Шымкент қаласында жастар ресурстық орталығы тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – дін саласы. Жуырда Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Діни экстремиз – әлемге төнген қауіп» атты тақырыбта №49 жалпы орта мектебінің жастарымен кездесу өтті. 

Screenshot_26.jpg

Оған Шымкент қаласы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» каммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Серік Беккулов пен  Тұран ауданының  кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ержан Мусабеков қатысты.

- Экстремизм (фр.extremisme, лат.ехтремұс) — «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағынаны береді. Бұл ұғым қоғам ішіндегі жеке тұлғаның немесе топтардың жалпы тәртіпті мойындамауы, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасауы сипатында көрініс табады. Экстремизм радикализмге жол ашады. Ал «терроризм» сол экстремизмнің барар нәтижесі. Экстремисттік пікірлер түрлі салаларда орын алуы мүмкін, соның ішінде дін саласындағы эктремизм анағұрлым қауіпті. Себебі, діни эктремизмде көпшілік құрметтейтін дін атын жамылу бар. Діни экстремизм деумен, белгілі бір дін меңзелмейді, яғни жалпы барлық дінді ұстанушылардың ішінде экстемисттік ойдағылар табылуы неғайбыл. Исламнан өзге дінді ұстанушы кей азаматтардың да экстремисттік ой-пікірлерінің барлығын жоққа шығара алмаймыз. Алайда, олар көп жағдайда Ислам атын жамылғандардың көлеңкесінде қалып қояды, - дейді Серік Беккулов.

Дін өкілі деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты түрлі ақпараттардың ақ-қарасын ажыратпас бұрын өзге адамдармен бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.

- Мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу мен білім беру қоғамның басты талабы. Сіздерге әліде түрлі бағыттар бойынша ақпараттық сауаттылық қажет. Себебі, қылмыстың көбі құқықтық сауаттылықтың аз болғандығынан орын алып жатады. Бұндай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін сіздермен тұрақты түрде кездесіп, кері байланыс орнатқымыз келеміз. Естеріңізде болсын,  «қылмыстың өтеуі қашанда жаза болмақ», - деді полиция инспекторы Ержан Мусабеков.

Кездесу соңында тақырып аясында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, жастар тарапынан келген сауалнамаларға жауап берілді.

Шымкент әкімі бірқатар шағынаудандарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
Шымкент қаласында еңбек адамдары марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу