Жетісайдың әкімі Қарақайдың тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 14-10-2022 669

35.jpg

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыра отырып билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатындағы Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбектың бекітілген кестеге сәйкес кезекті кездесуі Қарақай ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Еркін форматта өткен кездесуге аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев пен аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков, аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Тәңірбергенов пен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен округ тұрғындары қатысты.

Өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар мен жайында кеңінен тоқталған аудан басшысы алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларды да таныстырып өтті. Тұрғындар таорапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Өткен кездесуде Кетебай елді мекенінің тұрғыны Ералы Бекеновтың көтерген спорт алаңшасын салу, науалар (лоток) жүргізу, жарықтандыру және Жетісай-Қараөзек трассасын жөндеу мәселелері бойынша Кетебай елді мекенінен спорт алаңшасын салу үшін жер телімінің нақтыланып, қазіргі таңда құжаттарын толығымен рәсімдеу жұмыстарының, сметалық құжаттамасы анықталған соң 2023 жылы бюджеттік комиссияға ұсынылатынын айтқан аудан басшысы Кетебай елді мекеніне қарасты ішкі көшелерге науа (лоток) салу мақсатында сметалық құжаттамалары рәсімделіп жатқанын, ұзындығы 877 метрді құрайтын А.Молдағұлова көшесіне жарықтандыру үшін тиісті жұмыстардың қолға алынғанын, облыстық маңызы бар КХ-87 автомобиль жолы – Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне жататындықтан орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сұраныс хат жолданып, бақылауға алынғанын жеткізді. Қазіргі таңда басқарма тарапынан аталған жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталып, сараптамадан өткізілуде.

Сонымен қатар, Еңбек елді мекенінің тұрғыны Сейілбек Биболов Жылы су-Қарақай трассасы бойынан аяқ жол, Еңбек елді мекеніне ФАП салу мәселелерін айтып, өтініш білдірген болатын. 

Ол бойынша облыстық маңызы бар КХ-100 автомобиль жолының бойындағы Жылы су және Еңбек елді мекендерінің тұсына жаяу жүргіншілерге арнайы жол салу үшін сметалық құжаттамасы жасақталып, қажетті қаржы көлемі бөлдіру мақсатында аудандық бюджеттік комиссияның кезекті отырысына қаржыландыруға ұсыныс жолдау жоспарлануда.

Ал, ФАП салу мәселесі бойынша ережеге сәйкес 5 километрден асатын радиуста медициналық ұйым болмаған жағдайда халық саны 50-ден (елу) аз елді мекенде медициналық пункт құрылатындықтан айтылған өтінішті орындау мүмкін емес. Тұрғындар Жылы су ауылдық округіндегі 2 километр қашықтықта орналасқан Жылысу амбулаториясына қаралуларына мүмкіндік жасалған.

Сонымен қатар, Сәтпаев елді мекенінің тұрғыны Тұрсынай Акмуллаеваның баспаналы болу өтінішінің қосымша қаралып жатқандығын айтқан Мұрат Болатұлы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесуден соң тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмаларды берді.


Түркістандық кітапханашасы үздік атанды
Тұрғындар атқарылған жұмыстарды оң бағалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу