Түлкібаста «Өмірді сүй» кеші өтті

Oinet.kz 06-10-2022 288

6.jpg

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ерекше зәрулігі бар жандардың қатысуымен «Өмірді сүй» атты мәдени, әдеби-сазды мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты іс-шара өнерлі ерекше зәрулігі бар жандардың қолөнер туындыларының көрмесімен бастау алып, концерттік бағдарламаға ұласты. Аудан әкімі Нұрлан Байғұт қайсар жандарды арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. 

– Қандай қиындық болмасын төзімділік танытып, мойымай, алдыға қойған мақсаттарына нық қадам басып жүрген сіздер – біздің мақтанышымызсыздар. Алдағы уақытта жақсылықтардың ғана куәсі болып жүре берулеріңізге тілектеспін. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт пен шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді аудан басшысы.

Концерттік бағдарлама барысында ерекше зәрулігі бар жандар ән айту, би билеу, ұлттық аспаптарда ойнау, өленді мәнерлеп оқу сынды өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 

Бүгінгі таңда елімізде ерекше зәрулігі бар жандарға мемлекет тарапынан ерекше басымдық беріліп, қолдау көрсетіліп келеді. 2022 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша Түлкібас ауданында мүгедектігі бар 5610 тұрғын есепте тұрады, ауданның жалпы тұрғындарының 5%-ын құрап отыр. 

Жыл басынан бері 153 мұқтаж азамат 273 дана протез-ортопедиялық құралдармен қамтылды. 40 тұрғын сурдотехникалық құралдармен, 50 азамат тифлотехникалық құралдармен, 124 азамат қол арба құралдарымен қамтылған. Мүгедектігі бар 123 азаматқа жеке көмекші тағайындалған. Санатория-курорттық емдеуге мүгедектігі бар 399 азамат жолдамамен қамтылса, зейнеткерлерге демалыс үйіне 531 жолдама бөлінген. 

Ауданда «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» ММ-де 18 жасқа дейінгі 151 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаға көмек беріліп жатыр. Оның ішінде 43 бала «Күндізгі қатынау» бөліміне тасымалданып, бекітілген стандарт негізінде әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіліп келеді. Бұдан бөлек ауданда орналасқан облыстық «Оңалту орталығында» мүмкіндігі шектеулі 25 бала, «Медеу» үкіметтік емес ұйымында 40 бала қызмет алып, тәрбиеленіп жатыр.


Сапалы жол-95 пайыз болады
Балалар ән байқауы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу