Жетісайға келгендер өзін жайлы сезінуі тиіс

Oinet.kz 02-10-2022 237

29.jpg

Бұқара мен биліктің арасындағы байланысты нығайтып, жернілікті жерлердегі өзекті мәселелердің оң шешімін табуына тұрғындарды да араластыру, азаматтар арасында мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып жатқан аудан әкімі Мұрат Болатұлының кезекті кездесуі Жетісай қаласында жалғасты. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

№1 М.Горький атындағы мектеп-гимназиясында өткен жиынға қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері, құзырлы органдар мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Аудан басшысы алдыңғы кездесуінде көтерілген мәселелердің орындалу барысымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.

Бұған дейін жетісайлықтар тарапынан айтылған жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайтын Амангелді көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша сметалық құжаттамалардың жасақталып жатқандығын, одан бөлек, Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында 2019 жылы жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғанын жеткізді. Жалпы сметалық құны 3,1 млрд теңгені құрайтын ауқымды жобаны «СтройЖолСервисKz» ЖШС жүргізіп, 2021 жылы жобаның құрылысына республикалық бюджеттен қарастырылған 690,8 млн теңгені игергенін, ал, 2022 жылға республикалық бюджеттен 1 млрд 415 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

Аудан басшысының мәліметіне сәйкес, Жетісай қаласындағы бірінші және екінші мөлтек аудандардағы көшелерді жарықтандыру үшін сметалық құжаттамалары жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Жарықтандыру жұмыстары 2023 жылдың жоспарына ұсынылса, қаладағы балалар ойын алаңшаларына ақау актісі түзіліп, сметалық құжаттамалары жасақталған, қажетті қаржы көлемі анықталған. Алдағы уақытта, аудандық бюджеттік комиссияның кезекті отырысына кезең-кезеңімен қаржыландыруға ұсыну жоспарланып отыр.

Одан бөлек, қала көшелеріндегі лотоктарды (науа) тазалау бойынша «Жетісай қызмет» мекемесіне тиісті тапсырмалар беріліп, жұмыстар атқарылуда. Б.Момышұлы көшесін жарықтандыру мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталып, 5,7 млн теңгенің қажет екені анықталды. Бұл бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан аудандық бюджеттік комиссияның кезекті отырысына қаржыландыруға ұсынылатын болады.

Кездесу соңында аудан басшысы қала тұрғындарын жеке және қоғамдық мәселелерімен қабылдады. Айтылған ұсыныс-пікірлер мен өзекті мәселелер талқыланып, хаттамаға енгізілді. Орындалу мерзімдері белгіленіп, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берді.


Әкім депутаттарға атқарған жұмыстарын баяндады
Мақталы өңірге инвесторлар келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу