Түлкібаста жайылымдық жерлердің көлемі артып келеді

Oinet.kz 26-09-2022 382

image.png

Түлкібас ауданында биыл жоспарға сәйкес 6700 гектар пайдаланылмай жатқан жерді халық иігілігі үшін ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, бүгінгі таңда соның 3520 гектар толығымен қайтарылып, жайылым ретінде берілген. 3538 мың гектар жерге сотқа талап арыз беріліп отыр. Бұдан бөлек 23773 гектар жерге меморандум арқылы мал жаюға жер иелерінен рұқсат алынған.

Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен лездемелік жиында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі басшысының орынбасары У.Ботбаев мәлімдеді.  

Сонымен қатар, аппараттық жиында жыл басынан бері аудан басшысының халықпен есептік кездесуелерінде ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, білім, мәдениет және спорт саласына қатысты көтерілген мәселелердің орындалу барысы, құрылыс саласындағы индикаторлардың орындалуы мен жұмыспен қамту орталығының атқарып жатқан жұмыстары қаралды.

Жалпы жыл басынан бері аудан әкімінің халықпен есепті кездесуде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында-20, білім саласында-10, мәдениет және спорт саласында-16 мәселе көтеріліп, алдағы жұмыс жоспарына енгізілген. 

Нұрлан Мархабатұлы аталған бөлімдердің басшыларынан көтерілген мәселелердің орындалу барысын жеке-жеке сұрап, орындалғанша қатаң бақылауда болатының атап өтті.

Балықты ауылдық округі мен Састөбе, Түлкібас кентінің әкімдеріне  тұрғындарға инфрақұрылым тартылған жер телімдерін беру мәселесіне қол байлау болып тұрған мемлекеттің мұқтажына қайтарылмаған жерлерді Заң талаптарына сай қайтару бойынша жұмыстарды аяқтауды тапсырып, үш апта мерзім белгіледі.

Индикаторлық көрсеткіштері төмен орындаған ауыл әкімдеріне ескерту жасап, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Жайылымдық жерді тиімді пайдалану өте маңызды. Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударуды талап етеді. Бұлардың ұлттық мәртебесі және  жеке қосалқы шаруашылықтары бөлек заңда көрініс табуы тиіс. Үкімет бұл заң жобасын қысқа мерзімде әзірлеуі керек, – дей келе жайылымдық жерлердің көлемін арттыру керектігін тапсырған болатын. 

Ауыл кітапханалары түрленіп келеді
Бірлік болмай тірлік болмас!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу