15 оқушы «Елбасы Медаліне» ие болды

Oinet.kz 22-09-2022 251

Screenshot_66.png

Шардара ауданының он бес  бірдей оқушысы мұғалімдерінің сапалы білімі мен өздерінің тынымсыз еңбегінің арқасында «Елбасы Медаліне» ие болды. Аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров ұстаздар мен шәкірттерді арнайы қабылдап, оларды құттықтап, аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстады. 

«ЕЛБАСЫ МЕДАЛI» жобасының «El umiti» бастамасын іске асыру аясында елiмiзде талантты жастарды қолдауға бағытталған «Елбасы медалi» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. «Елбасы Медалi» жобасының мақсаты - әрбiр қатысушы үшiн оның жасына, тұрғылықты жерiне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабiлеттерi мен дарынын кеңейту үшiн жағдай жасау. Сондай-ақ, бағдарлама әрбiр қатысушы өз бейiмдiлiгiн таба алатындай, өзiн-өзi бағалай алатындай, өз iсiнiң үздігі, өз саласында көшбасшы, дербес тұлға бола алатындай және оған айналасындағыларды үйрету мүмкiндiгi беретін дәрежеде әзірленген.  «Елбасы медалi» - жастарды кешендi дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегi жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негiзгi бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кiтап оқу , ұлттық мұра, волонтерлiк, экспедициялар мен жорықтар және еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Шардарада кәріз жүйелерінің құрылысы басталды
Шардарада бүгінге дейін 130 тонна «ақ алтын» дайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу