Жол сапасын тексерді

Oinet.kz 25-09-2022 460

Screenshot_60.png 

"AMANAT" партиясының Кентау қаласы бойынша "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша қазіргі таңда, "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында Қарнақ ауылы (10 көше) көшелерінде орташа  жөндеуге  жалпы сметалық құны -96,6 млн.теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме "СТ- СЕРВИС"  ЖШС- і, жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Субвенция есебінен қаланың жолдарын орташа жөндеуге 7 көшеге (Астана м.а, Жкамбыл, Құралбаев, Төлеби № 88, Сығанақ,, Пролетарская, Сейфуллин № 105 - 259,2  млн теңге қаржы қаралып, Астана м.а. , Құралбаев және Жамбыл көшелерін жөндеу бойынша мердігер мекеме "Тас Жол" ЖШС - гі қазіргі таңдау жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 

 Ағымдағы жылы мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында  қосымша келісім  шарт арқылы -433 108,7 мың теңге қаржыға 29  көшеге   орташа жөндеуден өткізу жоспарланған , бүгінгі күнге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы көшелерде атқарылып жатқан жұмыстарға қалалық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мониторинг  жұмыстарын жүргізді. 

Мониторинг жұмыстарына комиссия мүшелері  А.Паримбеков, Б.Самбетов, қалалық мәслихат депутаты  М. Гайруллаев, қалалық мәслихат аппаратының қызметкерлері,  қалалық тұрғын -үй коммуналдық шаруашылық, тұрғын - үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Қасымбеков және мердігер мекемелердің басшылары қатысты.

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жамбыл көшесінің басына арнайы Партиялық бақылау бекеті орнатылған.  

Мониторинг барысында жол жөндеу жұмыстары жүргізілген және жүргізіліп жатқан көшелерде бірқатар кемшіліктер анықталып,  жұмыстардың сапалы атқарылуына, тапсырыс беруші мен мердігерлерге  кемшіліктерді жою мақсатында   ұсыныстар айтылды.


Ақсақал әкімге өтінішін жеткізді
Қарнақтықтар Жолдауға қолдау білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу