8 айда 26 инвестициялық жоба іске қосылды

Oinet.kz 24-09-2022 384

Screenshot_36.png

Түркістан облысында экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 миллиард теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125 миллиард теңгеге өскен.  Түркістан облысының ағымдағы жылдың 8 айында облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамыту мақсатында жалпы құны 12 миллиард 700 миллион теңгеге 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 936 жұмыс орны ашылды. Облыс үшін маңызды ірі жобаларды іске асыруды жоспарланып отыр. Атап айтқанда, каустикалық сода, ПВХ, карбид кальций, цемент өндіретін, 5 класты мотор майы мен мұнай өнімдерін өндіретін және фосфорит өңдеу зауыты іске қосылады. 

Ауыл шаруашылығы саласында 477 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артты. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінен 3 миллион тонна өнім жиналды. Елімізде салынған жылыжайлардың 71% облысқа тиесілі. Жаңадан 85 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1 552 гектарды құрады. 

Мал басына қажетті азық 100% жиналып 4 миллион тоннаны құрап, жалпы қыстату науқанына 5 миллион тонна мал азығы жиналады. Түркістан аумағын ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар су нысандарының құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған шараларды іске асыру нәтижесінде жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеге жеткізілетін болады. 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 169 миллиард теңгені құрап, 9 пайызға өссе, жыл басынан 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 34 пайызға артқан. «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін жалпы 85 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда (5 229 пәтер, 328,3 мың м2). 

Бюджет есебінен 59 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, нәтижесінде биыл 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілмек. Бұдан бөлек, жеке инвесторлармен 13 мектеп пайдалануға беріледі. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың 53 мыңға жуық балаға мектеп формасы мен кеңселік тауарларын сатып алуға жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінген. 

Жыл басынан экономикаға 338 миллиард теңгеге жуық инвестиция  бағытталып, 2 пайызға артты. Жеке инвесторлар есебінен жүзеге 10 жобаны іске қосу жоспарланса, бүгінгі күнге құны 4 миллиард теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылып, 128 жаңа жұмыс орны ашылды. 

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатқанын жеткізді. Түркістанды дамытуға 1,3 триллион теңге инвестиция тартылады деп күтілуде. Оның 1 триллион теңгесі немесе 77 пайыз жеке инвестициялар.

М.Әзілханов Мақтаарал ауданының активімен кездесті
Сарыағашта «Ардагерлер» саябағы жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу