МӘМС-тегі өзгерістер түсіндірілді

Oinet.kz 24-09-2022 355

Screenshot_34.png

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзге­рістер түсіндірілді. «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КЕАҚ Түр­кі­стан облыстық филиалының ди­­ректоры Асхат Бейсенбаев тұр­­ғындардың талап-тілегі бо­йын­ша кездесу өткізіп, МӘМС тө­лемдері мен оның көлемі, шет­елдіктерге қарастырылатын мүм­кіндіктер туралы айтты. 

Түркістан қа­ласының тұрғыны әрі Aqzere-TM емханасының медбикесі Ш.Файзуллаева маусымдық жұ­мыс істейтін қарапайым азама­т­тар МӘМС қызметін қалай пай­да­лана алатынын сұрады. «Жалдамалы әрі маусымдық жұ­­мыс істейтін тұрғындар да МӘМС жүйесін пайдалана ала­ды. Оның 2 түрлі бағыты бар. Ал­­­­ғаш­қысы – жұмыссыз ретінде тір­­келуі қажет. Ал қаржысы жет­се, бел­гілеген сомадағы жарнаны тө­­леуі тиіс. Егер алдын ала 3 ай­лық жарна төлесе, ол азамат сақ­тандыру жүйесіне қатысуға то­лық­тай құқылы», – деді филиал бас­шысы Асхат Асанұлы.

 А.Бейсенбаев қабылдау бары­сында шетелдіктер мен азамат­ты­ғы жоқ жандарға көрсетілетін ме­­­­­дициналық көмек жөнінде де баяндады. Оның айтуынша, елі­мізде тұрғылықты мекенжайы рә­сімделген шетелдіктер мен аза­­маттығы жоқ адамдар медици­на­лық қызметтерді толық көлем­де ала алады. Оған жедел ме­ди­ци­­на­лық көмек, алғашқы ме­ди­ци­­налық-санитарлық көмек, күн­­дізгі және тәулік бойғы ста­цио­­нар, оңалту және дәрі-дәр­мек­­пен қамтамасыз ету енеді. Егер шетелдік еңбек мигранты не­­месе еңбек мигрантының от­ба­сы мүшесі ЕАЭО елдерінің (Ре­сей, Беларусь, Қырғыз Рес­пуб­ликасы, Армения) азаматы бол­са, МӘМС жүйесіндегі меди­циналық қыз­меттер қарас­тыры­лады.

Президент Дархан Сатыбалдыны қабылдады
М.Әзілханов Мақтаарал ауданының активімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу