Сарыағашта заманауи кітапхана ашылды

Oinet.kz 22-09-2022 286

Screenshot_24.png

Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды. Мұны Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын. «Жақында әлеуметтік желіде еліміздегі кітапханалардың рөлі туралы қоғам назарын аудартқан пікірталас болды. Шындығына келгенде бұл мәселенің мән-жайы баршаға түсінікті болуға тиіс. Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды», - деді Мемлекет басшысы. Сондықтан да Қазақстан Президенті жалпы кітапханалардың жүйесі мен жұмысын ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін баса айтты. «Бұл ретте осы саладағы заманауи үрдістерді ескергеніміз жөн. Мысалы, мен Алматы қаласындағы кітапханаларды жаңғыртуға арналған осындай ұтымды жобалар бар екенін білемін. Жақында кеңес мүшесі Рауан Кенжеханұлы да маған ауыл мектептерін және кітапханаларды жаңғырту жөніндегі жобасын көрсетті»,- деп Мемлекет басшысы атап өткен болатын.

Заманауи қоғам – аппараттық технологиялар заманы. Заманауи кітапханалар – аппараттық, мәдени-ағарту орталығы болып табылады. Осы ретте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Сарыағаш ауданындағы №4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасы оқырмандарға ыңғайлы етіп жаңаша жабдықталды. Онда кітап қоры толығып, оқырмандар ғаламторды еркін пайдалануға мүмкіндік алады.

Заман талабына сай жабдықталған кітапхананың ашылу жиынына аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Дәулет Ақатов  және білім нысандарының басшылары арнайы қонақ ретінде шақырылды. Іс шараға жиналған ұстаздар қауымы алдында рухани азық - кітаптың бүгінгі ұрпаққа берер тәлімі туралы сондай-ақ көркем әдебиеттің өмірде алар орны жайлы айтылып өтті. "Бұл кітапхана заман талабына сай жасақталып отыр. Біздің ендігі мақстамызы ауданның әрбір мектебінде осындай кітапхананы жабдықтау",- дейді бөлім басшысы.

Бүгінде кітапхана бұл заманауи көпфункцияналды ақпарат, білім және мәдениеттің алаңы. Кітапхана қоры мыңнан аса кітаптан тұрады. Интернет пен тегін wi-fi, теледидер, видеопроекторлармен қамтамасыз етілген. Одан бөлек сматрфондағы QR код арқылы онлайн режимде оқылатын электронды кітаптармен танысуға болады. Бүгінгі  жиынға арнайы қонақ ретінде шақырылған №10 Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп гимназия интернатының директоры Әлия Бисенова іс шараның мақсаты кітапхана ісін жандандырып, балаларды кітап оқуға баулу дейді. 

Кітапхана іші жұмыс істеуге қажетті кеңістік пен ыңғайлы орындықтар, үстелдер мен кітап сөрелерімен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда кітапхана келушілердің бос уақытын тиімді өткізуге, білімін жетілдіріп, кітап оқуына барлық жағдай жасалған. 

"Қазіргі жаңа кітаптардың барлығы шрих кодпен басылған. Бұл оқырманның қай жерде жүрсе де кітап оқуға мүмкіндігі бар деген сөз. Мектебімізде жастарды кітап оқуға деген құштарлығын ояту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді",- дейді №4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ләзакат Тағаева.

Шара соңында оқушылар күй шертіп, ән-жырларын арнады. 

Шардарада батагөй қариялар сайысты
Келесте мәдениет үйі салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу