Жолдауды насихаттауда жастар да белсенді

Oinet.kz 21-09-2022 280

Screenshot_19.png

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез - келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. 

Осы орайда «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сағынбек Жақсыбекұлының қатысумен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты мемлекет басшысының «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ.БІРТҰТАС ҰЛТ.БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдауға және насихаттауға негізделді.

Аудан жастарымен өткен кездесуге «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сағынбек Жақсыбекұлы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Айгерім Ералықызы қатысты.

Кездесу барысында жастар орталығының маманы Нұрлыбай Жоргенбайұлы баяндама жасап, Жолдауда айтылған 5 бағдар бойынша ауыл жастарына барынша түсінікті болуы үшін жеке-жеке тоқтала кетті. Баяндама соңында, жастарға жасалғалы отырған жағдайларға сүйене келе, жастардың болашағы жарқын екендігін жеткізді.

Жастар ресурстық орталығының маманы Гүлбану Балтабайқызы Жолдауға қатысты өз пікірін білдіріп, мемлекет басшысының Жолдауында айтылған медицина саласына, зейнетақы мәселесі, Ұлттық қордың қаражаты және кәсіпкер жастарға жасалғалы отырған жағдайларды қолдайтындығын және бұл жаңалықтың өзін қуантқандығын жасырмады. Сағынбек Жақсыбекұлы жастармен өткен кездесуде аталған 5 бағдардың маңыздылығын түсіндіріп, оның ішінде жастарға қатысты тұстарын кеңінен насихаттады.

Атап айтқанда, жатақхана мәселесін шешу мақсатында субсидия берілетіндігі жайлы, білім ордаларының саны артатындығы жайлы, жоғарғы оқу орындарының оқу ақысын төлеуде туындаған мәселелерді оңтайландыру мақсатында 2-3 пайыздық несие берілетіндігі жайлы және 2023 жылы 100 мың жастың жаңа жұмыс орнымен қамтылатындығы жайлы айтты. Сондай-ақ, терең білім, адал еңбек, патриот болу сыңды 3 қасиетті бойына сіңіріп өскен жастары бар елдің болашағы айқын әрі жарқын болатындығын жеткізді. Өз кезегінде, жастар орталығының басшысы Айгерім Ералықызы жастарды еліміздің даму мен өркендеу жолында бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.

«Қорғау» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?
Жолдау медицина саласына да серпін бермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу