Тірек мектептері жасақталмақ

Oinet.kz 20-09-2022 335

Screenshot_3.png

Өткен оқу жылында Ұлттық бі­рың­ғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облы­сының 11 мектебі енген болатын. Ендігі жылдан бастап мектеп, колледждердің білім сапасы ЖОО-на грант негізінде түскен түлек­терінің үлесімен бағаланбақ.

«Мұғалім – мектептің жүрегі» дегендей, мұғалімнің кәсіби да­муы­на да облыста ерекше серпін берілген. Бүгінде Түркістан облысында 55 516 пе­дагог оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүр. Осы орайда облыста жаңа жоба жүзеге асырылу көздеіп отыр. Ол «Те­мірқазық» тірек мектептер деп аталады. Нақтырақ айтқана «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйы­мының басшысы Күләш Ноғатай­қызының басшылығымен облыс­тың 17 ауданында тірек мектептер жа­сақ­талмақ. Жоба аясында зияткерлік мектептердің әлеуетін 17 тірек мектебіне енгізіп, оқу-әдіс­темелік көмек көрсетіледі. Осы жоба аясында педагогтердің сапа­лық құрамы мен мектептердің материалдық мүмкіндігі жақсара­ды деп күтілуде.

Білім беру ұйымдарын басқару, яғни директорлық мәселесі аз ай­тылып жүрген жоқ. Биыл облыста 224 білім беру ұйымының бас­шы­лары ротацияланған. Басшылық білім саласындағы жауапкершілігі жоғары қызметтің жетілдіретін тұс­тары көп. Әзірге Қамқоршылар кеңесі қайта құрылып, аттеста­циядан өткізу жұмыстары қолға алынып, білім беру ұйымдары бас­шыларының жетістігін баға­лайтын KPI қойылмақ. Сондай-ақ пән мұғалімдерінің ассоциациялары ресми құрылып, жұмыс істемек.

2022 жылды Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бала­лар жылы» деп жариялағаны бел­гілі. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың ден­саулығын нығайтуға, инфра­құ­рылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Түркістан облысында «Балалар жылын өткізуге» ар­налған кешенді жоспар бекітіліп, 80-ге жуық іс-шара өткізілген.

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік бе­ре­тін 53 қосымша білім беру меке­ме­лері жұмыс істеп тұр. Бұл ба­ғытта Қазығұрт ауданында 120 балаға, Келес ауданында 320 және Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған оқушылар үйі бой кө­те­ріпті. Ал Түлкібас ауданы «Жан­кент» жалпы орта мектебінің база­сында 150 балаға арналған «Өнер» мектебінің филиалы құрылған.

Облыста ерекше білім беруді қа­жет ететін балалардың шығарма­шылығы да назардан тыс қалған емес. 1 маусымда Балаларды қорғау күніне орай республикалық «Жұл­дызай» инклюзивті балалар шы­ғар­машылығының фестивалі алғашқы рет Түркістан қаласында өтті. Облыста 31 арнайы білім беру ұйымы 26 мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін балаға қызмет етеді.

Биыл облыстың білім беру саласына 456 млрд теңге бөлінген
Түркістан облысында 69 робототехника сыныптары жұмыс істейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу