Биыл облыстың білім беру саласына 456 млрд теңге бөлінген

Oinet.kz 20-09-2022 317

Screenshot_2.png

Түркістан облысы осыдан 4 жыл бұрын Шымкент қаласынан бөлініп, қайта құрылғаны белгілі. Бүгінде құрылымы өзгеріп, қайта жа­сақталған барлық салада іл­герілеу бар. Республика бойынша білім беру саласы бойынша ең көп қаржы да Түркістан облысына бө­лінеді екен. Мәселен, биыл осынау салаға 456 миллиард теңге қаралыпты.

«2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мек­тептердің мәселесін шешу үшін кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Былтыр 77 мектеп салынса, биыл 34 білім беру нысанының құрылы­сы аяқталып, жыл соңына дейін пай­далануға беріледі», – дейді Облыс әкімдігінің Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы. Сондай-ақ облыста бү­гінде мемлекеттік бюджеттен бө­лек орта білім саласын жеке сек­тордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізіліп келеді.

Өңірде өткен жылмен салыс­тыр­ғанда жекеменшік мектептер саны 17-ге артып, олардың саны 56-ға жет­кен. Есесіне, жекеменшік мек­теп­тер есебінен білім ұясының тап­шы­лығы мәселесі реттеліп келеді.

Сала мамандарының айтуынша қазір Түркістан облысының білім беру саласын кешенді дамыту мақса­тында 2022-2025 жылдарға арнал­ған TURKISTAN BILIMI стра­те­гиялық даму жоспары әзірленуде. Осы тұста жос­парға сәйкес ауқымды жобалар іске асырылмақ. Оның ішінде бүгінде TURKISTAN BILIMI эко­жүйесі, яғни білім саласын авто­маттандыру және білім сапа­сын арттыру бағытында жұмыс бас­талған. Биыл оқу процесіне қа­жетті барлық функцияның жиын­тығы қамтылған білім сала­сындағы ақпараттық жүйелермен интегра­цияланған Bilim Land платфор­ма­сымен «Әлеуетті мем­ле­кеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ын­тымақ­тас­тық туралы меморан­дум түзілген. Аталған платформа­ның білім маз­мұнына қатысты жүйесіне облыс мектептері 100 па­йыз тегін қосыл­ған. Сонымен қатар педагогтерді аттестаттау про­цесін автоматтан­дыру бойынша Е-Портфолио, білім саласының аналитикалық есебін қалыптас­тыратын Basqarma.Smartnation.kz білім беру ресурстары енгі­зілуде дейді жауапты басшылар. Со­нымен қатар мек­теп кітапха­на­ларын цифрландыру үшін «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылыпты.

Білім сапасы балабақшадан бастау алатыны белгілі. Облыста 1406 мектепке дейінгі ұйым бала­ларға қызмет көрсетеді. Оның 267-ы мемлекеттік, 1007-і жеке­меншік, 86-сы мектеп жанындағы шағын орталық. Түркістан облысы жекеменшік балабақша ашу көр­сеткіші бойынша да республикада көш бастап тұр.

Барлық балабақшаға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау Balabagsha.snation жүйесімен толық автоматтандырылған. Енді ба­ла­лардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұ­мыс­тары жүргізілмек. Яғни, бұл нақ­ты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз.

Дамыған елдерде өндіріс үшін кадрлардың негізгі провайдері – техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі. Сондықтан соңғы жылдары кәсіптік білімге ерекше ден қойылғаны рас. Түркіс­тан облысында да білім беру ұйым­да­рының жоғары сынып оқушы­ларына кәсіптік бағдар беру бағ­дар­ламасы іске асырылып жатқа­нын еске сала кетейік.

Мәселен, халқы тығыз орна­лас­қан Сайрам және Мақтаарал аудандарында 2 оқу өндірістік комбинаты сақталған. Онда аудан орталығындағы мектептердің 4 520 оқушысы 12 мамандық бойынша алғашқы кәсіптік білім алып, куәлікке қол жеткізген.

Енді жаңа оқу жылынан бастап барлық аудан, қалада орналасқан мемлекеттік колледждер базасын және оқытушылар әлеуетін пай­далана отырып, оқу өндірістік комбинаттар жұмысы жүргізіліп, кәсіптік білім саласын игерген оқу­шылардың үлесі артатын болады. Өңірдегі 52 колледжде 24 920 студент білім алып жатса, оның 414-і «Еңбек» мемлекеттік бағ­дарламасы шеңберінде келгендер.

Білім саласында жаңа жобалар көп
Тірек мектептері жасақталмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу