Білім саласында жаңа жобалар көп

Oinet.kz 20-09-2022 316

Screenshot_1.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қашанда  білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше маңыз беріп келеді. Сәйкесінше, білім саласын­да­ғы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген маман­дар­ды даярлау – заман тала­бы. Құрылғанына 4 жылдан енді асқан Түркістан облысы­ның орталығы Түркістан қала­сы­ның аумағы ұлғайып, хал­қы­ның саны артқан сайын бі­лім беру мекемелеріне сұра­ныс та артқан. Рухани қала­мыз дамыған сайын білім са­­­ла­­сы да дамудың даңғы­лы­на түсті. Жыл сайын жаңа мек­теп­тер мен жаңа балабақ­ша­лар есігін айқара ашты. Түр­кіс­тан облысының аудан­да­рын­да да дәл осындай іл­ге­рі­леу­шілік бар. Бұған мемлекет тарапынан білім саласын қол­­­дау шаралары да өз сеп­ті­гін тигізіп жатқаны анық. Одан бөлек, соңғы жылдары үнемі жаңғырып, жаңарып, дамып жатқан инновациялық жоба­лар да жеткілікті.

Республика бойынша әрбір же­тінші бала Түркістан об­лысында білім алатынын ес­кер­сек, өңірдегі бұл салаға артылар жүктің де жо­ғары екенін бай­қаймыз. Өңірде биыл алғашқы қоңырауға 510 мың­нан аса оқушы қатысты. Ал 52 123 бала мектеп табалдырығын аттады. Осынша бала 905 мемлекеттік 56 жеке­меншік білім беру ұйымында білім алады.

Бүгінде оқушылардың білім сапасы халықаралық зерттеулер­дің (PISA,TIMSS, TALIS, PIRLS) қорытындысымен айқындалатыны белгілі. Өңірде аталған жоба шең­бе­рінде білім сапасын көтеру үшін пе­да­гогтердің біліктілігі мен оқу­шы­лардың функционалдық сауат­тылығын арттыру жұмыстары жүр­гізіліп келеді. Биыл қосымша жан басына шаққандағы қаржы­ландыруға өткен 92 мектептің 28-і 480 млн 267 мың теңгеге 57 (фи­зика-14, химия-14, биология-16, STEM-13) пәндік кабинетімен жабдықталып жатыр. Облыс әкімдігінің Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жаңа оқу жылында «Кибернет Академиясымен» бірге Түркістан және Кентау қалаларын­да педагогтердің IT құзіреттілігі мен математикалық біліктігін да­мытуға бағытталған «Математикаға дайындықтың жаңа технология­сы» бағдарламасын енгізу жоспар­ла­нып отырғанын жеткізді.

«Бағдарламада мұғалімдер Рес­публикалық физика-матема­тика мектебінің, Қазақ-Британ техно­логиялық университетінің әдісте­ме­сін пайдаланатын болады. Со­ны­мен қатар «Оқуға құштар мек­теп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 324 мектептің кітапханасы жаңғыртылмақ. Заманауи кітапха­на оқушының кітап алып, кітап оқитын орны ғана емес, баланың толыққанды ақпарат алып, із­денетін, еркін ойлы қатарлас­та­ры­мен бірге тиімді уақыт өткізетін ор­тасы болуы тиіс. Енді Түркістан об­лы­сының білім беру ұйымда­рын­­дағы кітапханаларда IТ жаб­дық­­та­ры бар Coworking – орта­лық­тары ашылатын болады», – деді ол.

Келес ауданында алхоры өсіру қарқынды дамуда
Биыл облыстың білім беру саласына 456 млрд теңге бөлінген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу