Мыңбұлақты газдандыру мәселесі талқыланды

Oinet.kz 14-09-2022 244

Screenshot_11.png

Бәйдібек  ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Мыңбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп жиын өткізді. Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы шеңберінде өткен жиында аталған ауылдық округтегі елді мекендердегі тұрғын үйлерді табиғи газға қосу мәселесі қаралды. Жиынға «ҚазТрансГазАймақ»-тың Ордабасы аудындық филиалының басшысы және тұрғын үйлерді газға қосу бойынша  мердігер мекеменің өкілдері қатысты. Мыңбұлақтық тұрғындарға табиғи газға қосу бойынша қандай құжаттар жинақталып, рәсімделетіні түсіндірілді. 

Аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев тұрғын үйлерді газға қосу бойынша  мердігер мекеменің өкілдеріне бірқатар талаптар қойып құжаттарын тапсырған тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстарын мерзімінде жүргізуді ескертті. Алда қыс мезгілі келе жатқанын айтып, тұрғын үйлерді табиғи газға қосу бойынша қандай құжаттар жинақталатыны жөнінде мейлінше тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ауыл әкіміне, жауапты бөлімге құжаттары рәсімделген тұрғын үйлерге газдың уақытылы кіруіне бақылау жүргізіп отыруды тапсырды.

Айта кетерлік жайт ағымдағы жылдың мамыр айында Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты 6 елді мекенге толық табиғи газ берілген. 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі артуда
Депутаттар 7 мәселені қарап, шешімдер қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу