Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі артуда

Oinet.kz 18-09-2022 371

Screenshot_10.png

Төлеби ауданы аумағына инвестиция тарту ісі қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жыл басында жұмыстар жоспарланды.  Барлық деңгейдегі әкімдердің еңбегі сыртқы инвестиция тарту көрсеткіштеріне қарай бағаланатын болғандықтан, жалпы, инвестиция сөзіне түсінік беруді жөн көрдік. Инвестиция – латын сөзі,  ол  табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын қаражат болып табылады. 

Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады.

Ағымдағы жылы аудан аумағына негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 8 айдың көрсеткіші негізінде 10 миллиард  862,5 теңгені құраса, облыс әкімдігінің тапсырмасымен бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 23 миллиард  230 миллион теңгені құрауы қажет. Аталған бағытта жұмысты жандандыруды тиісті сала мен қала және ауылдық округ әкімдеріне тапсырылды.

Төлебиде Халықаралық V-форумы өтті
Мыңбұлақты газдандыру мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу