Төлебиде бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Oinet.kz 19-09-2022 442

Screenshot_4.png

Төлеби ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштердің өзгеру динамикасы соңғы жылдарда кәсіпкерліктің дамуында сандық және сапалық көрсеткіштердің өсуі байқалады. Шағын және орта бизнестің дамуына өңірде қолайлы жағдайлар бар. Өңірде кәсіпкерлікке аса көңіл бөлінеді, сонымен қатар, аудан қоғамының және экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын фактор болып табылады. Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің арасында өсіп отырған іскерлік белсенділігі халықты жұмыспен қамтамасыз ету, нарықты отандық тауарлармен және қызмет көрсетумен толықтау, бәсекелестік ортаны қалыптастыру сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм дамыту салаларында нақты межелер белгіленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде дейді мамандар. 

Өнеркәсіп саласында ауданымызда 20 кәсіпорын, оның ішінде 2 ірі және орта, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда. Аталған сала бойынша ағымдағы жылдың басынан 27 миллиард 754 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда нақты көлем индексі 80,7 пайызды құрап отыр. Оның ішінде қайта өңдеу өнеркәсібінде биылғы жылдың басынан 25 миллиард 626 миллион теңгенің өнімі өндірілд былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда нақты көлем индексі 80,2 пайызды құрады.  

Ауданда құны 1 миллиард 700 миллион теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Нақты атап өтер болсақ: Ленгір қаласынан жалпы  құны 1 миллиард 460 миллион теңге болатын «KAZPLAST» ЖШС-нің киім тігу цехының құрылысы бастау алған. Қазіргі таңда іргетасы қалануда. Жоба келесі жылы аяқталады деп күтілуде. Екінші жоба Көксәйек ауылдық округі Қазақстан елді мекенінен жеке кәсіпкер Д.Умарованың бетон бұйымдары цехы. Жобаның  қуаттылығы – тәуілігіне 100 куб метр өнім шығарады және үшіншісі Зертас ауылдық округінен жеке кәсіпкер Қ. Омартаевтың ағаш өндейтін цехы іске қосылып, онда 15 адам тұрақты жұмыс атқаруда. Нәтижесінде 205 адам жұмыспен қамту жоспарланған.

Ауданда ел экономикасының драйвері саналатын кәсіпкерлік саласында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Әсіресе кәсіпкерлердің қатары артып отрығандығы қуантады. Қазіргі таңда ауданымызда кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 8121 бірлікке жетіп, оның ішінде 7882 субъекті белсенді жұмыс істеп тұр. Жұмыспен қамтылғандар саны  - 16 699 адам (алдынғы жылмен салыстырғанда 101,3% артты), олардың өндірген өніммен көрсетілген қызметтер көлемі 29 529 миллион теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,3 пайызды құрап отыр. Өзіңізге белгілі, аудан аграрлық өлке болғандықтан, кәсіпкерліктің басым бөлігі осы салада қызмет етеді. Одан әрі сауда, туризм және қызмет көрсету, өндіріс салалары. 

Төле би ауданы инвестиция үшін тартымды аймақтардың біріне айналып отыр. Сандарды сөйлетер болсақ биылғы жылдың 8 айында негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 10 миллиард 862,5 миллион теңгені құрап отыр. Бұл былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,2 пайызды құраған. 

Төлебиде туризм қанат жайып келеді
Бизнес өкілдері марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу