Жәрмеңкеде бәрі арзан

Oinet.kz 18-09-2022 353

Screenshot_62.png

Сайрам ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аудан басшысы Ұласбек Сәдібеков жәрмеңкедегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен сұхбаттасып, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ауылдық округтерінің әкімшіліктерімен бірге ұйымдастырған сауда қатарындағы азық-түлік түрлері мен бағаларымен танысты. 

 Жәрмеңкеде табиғи таза, жоғары сұрыпты 57 тонна көлеміндегі ауыл шаруашылық өнімдері саудаға шығарылды.  Атап айтқанда, Арыс, Көлкент, Қарамұрт, Манкент ауылдық округтерінен 9 тонна картоп, 12 тонна пияз, 5,5 тонна сәбіз, 7 тонна болгар бұрышы, қырыққабат, 1 тоннаға жуық сарымсақ және асқабақ секілді көкөністері.  Ал, өзге өңірден 6 тонна қарбыз, қауынмен қатар, жергілікті жерден қарқынды бау өсіретін «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-і және Қарабұлақ ауылынан бау өсіретін шаруа қожалықтарынан 10 тонна алма, 5 тонна жүзім жемістері жеткізілді. 

Бұдан басқа, «Ксюша» кондитерлік цехының тәттілері мен нан өнімдері, консерві цехтарынан консервіленген көкөніс пен жеміс шырындары,  Қарасу ауылдық округінің етті қайта өңдеумен айналысатын «АЛМА» АШӨК-і 0,5 тонна шұжық және басқа да өнімдері.  

 Келесі кезекте сүт тауарларын өндірушілерден Ақсукент ауылынан «AIKAN» ЖШС-нің «Эмир» және Қарасу ауылынан «Сайрам сүт»,  Ақбұлақ ауылынан «Компания Натурпродукт» ЖШС-інің «Хан» сауда белгілерімен шығатын 1 тоннадан астам май, айран, қаймақ және ірімшік-құрттар сауда қатарынан орын алды.  

 Жібек жолы ауылының «Жібек жолы» сауда белгісімен ұн-май өнімдері, Қайнарбұлақ ауылынан балық, Құтарыс ауылынан консервіленген балық өнімдері болды. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылық өнімдері аудан тұрғындары үшін нарық бағасынан 10-15% төмендетілген бағамен ұсынылды.

Елге шарапаты тиген жоба
Балалар ертегі әлеміне саяхат жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу