Кітап оқуға құштар отбасы анықталды

Oinet.kz 15-09-2022 293

Screenshot_35.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлт­­тық қоғамдық сенім кеңе­сінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәсе­лесінің маңыздылығын атап өт­кен болатын. Сондай-ақ бұл мәселедегі кітап­ха­на­лардың мәртебе­сіне назар аудара отырып, "бала мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет. Біз осы мақсатта жағдай жасауға міндеттіміз" дей келе  елі­міз­дің барлық тұрғын­да­ры­ның күш-жігерін оқырман ұр­пақ­ты тәр­бие­леуге шақыр­ған еді. 

Осы тұста Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Ж.Қуандықованың ұйымдастыруымен орталық кітапханада  отбасы күніне орай "Үздік оқырман отбасы-2022" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу, олардың ақпараттық ағартушылығын ұйымдастыру. 

"Отан отбасынан басталады" деп бекерге айтылмаған. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты білімді әрі тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Байқауға 3 отбасы қатысты.   Нәтижесінде  кітап оқу мәдениетін және  өнерлерін жоғары деңгейде көрсеткені үшін Омаровтар отбасы "ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ" атанды. Ал Тоқтыбаевтар отбасы "Ынтымақты отбасы" номинациясымен, Абсемет отбасы "Кітапқұмар отбасы" номинациясымен марапатталды.

Елді мекендердің гүлденуіне «аманаттықтар» да ат салысуда
Өтініш айтылды және орындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу