Облыста 6 көпір жөнделуде

Oinet.kz 13-09-2022 243

Screenshot_10.png

2021 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының мақсаты - көлік жолдарын жақсарту арқылы еліміздің транзиттік және логистикалық әлеуетін арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының сапасын көтеру және Қазақстан халқының көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету  жобаның негізгі мақсаты болып саналады. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының көліктік байланыс саласының деңгейін көтеруге бағытталған екінші бағытында  екі міндет көзделген. Олар – ішкі көлік желісін дамыту және аумақтардың сыртқы байланысының сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Атап өтсек, ішкі көлік желісін дамыту бағдарламасы аясында он бір мың шақырым республикалық маңызы бар, жиырма жеті мың шақырым жергілікті жолдарды жаңадан салу және қайта жөндеуден өткізу жоспарланған. 2025 жылға дейін атқарылатын осы жұмыстардың нәтижесінде республикалық маңызы бар жолдардың барлығы, сондай-ақ, жергілікті маңызы бар жолдардың 95 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілетін болады. Сонымен бірге, қолға алынған жоба аясында Ұлттық стандартқа сәйкес, автокөлік жолдарының бойына екі жарым мыңға жуық сервистік нысандар салынады.

Осы орайда жоба аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірдегі облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жалпы саны 410 көпір орналасқан. Қазіргі таңда сараптамаға сәйкес 29 көпір жөндеуді қажет етеді.  Былтырғы жылы 4 көпір күрделі жөндеуден өткізіліп, 3 көпір (Түлкібас, Отырар, Бәйдібек аудандары) пайдалануға берілсе, Түлкібас ауданындағы бір көпірдің жөндеу жұмыстары биыл жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, қазіргі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 5 көпір ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Атап айтқанда, Қазығұрт ауданындағы облыстық маңызы бар «Қазығұрт-Тұрбат» бағытындағы жолдың бойындағы көпір, Сайрам ауданындағы «Шымкент-Құтарыс-Түйетас» автомобиль жолы бойындағы 2 көпір, Түлкібас ауданындағы «Балықты-Абай-Пістелі» автомобиль жолы мен Бәйдібек ауданындағы «Шаян-Ағыбет»  автомобиль жолындағы көпірлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жыл сайын басқарма тарапынан облыс аумағындағы көпірлердің жағдайына айрықша көңіл бөлінуде. Сонымен қатар биыл Түркістан қаласы, Сауран, Жетісай, Сарыағаш, Отырар, Төлеби, Ордабасы, Мақтаарал, Келес, Бәйдібек аудандарындағы облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы 16 көпірді күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Оның ішінде, 5 көпірге мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған болса, қалған көпірлерге жыл соңына дейін сараптама қорытындысын алу жоспарланған. 


Түркістанда 200-ден астам жасыл желек аймағы бар
Түркістан облысы үздік үштікте
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу