Кентауда жол жөндеу жұмыстары қарқынды
Түркістан облысы, Кентау қаласындағы Жамбыл көшесінің 1.1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жолдың үстінгі қабатын алып тегістеу, нығыздау, асфальт жабындысын салу және аяқ жол салу жұмыстары атқарылу үстінде. Сонымен қатар қалаға қарасты Құсшы ата елді-мекенінің тұрғындарының өтінішіне қарай, мердігер мекеме тарапынан жол салу жұмысы жүзеге асырылды.
Жалпы, Кентау қаласында ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 29 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда аталған көшелердің құрылыс жұмыстары өз мерзімінде бітті. Мердігер мекеме тарапынан 2023 жылға жоспарланған 19 көшені ағымдағы жылы өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жүзеге асырылуда.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеуге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жалпы, 5,5 шақырымды құрайтын жол қырылып, нығыздалып асфальт салынды. Жыл басынан бері қаладағы 34,6 шақырымды құрайтын 19 көшеге ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылған.
Айта кетейік, аталған жобаның мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру.Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша қанша жұмыс орны құрылады, қанша мектеп пен аурухана, қанша шақырым жол салынады, ауылдық елді мекендер газбен, сумен қаншалықты қамтылады, жоба аясында ауыл шаруашылығы саласында орта және шағын бизнесті дамыту үшін қандай шаралар қолға алынады.