Балық экспорты артып келеді
Шардарада бес бірдей балық зауыты жұмы істейді. Олар отандық өнімнің 80 пайызын экспорттап отыр.Қажетті шикізатты өздері дайындайды. Шабақтарды тоғанда өсіріп, айдын көлдерге жібереді. Бір ғана «Хамит» ауылшаруалығы өндірістік кооперативі биыл теңізге 500 мың шабақ жібермек. Бұл балықтардың табиғи және жасанды жолмен көбейуіне негіз болмақ. «Хамит» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне қарасты тоғандарда 170 мыңнан астам шабақтар бар. Жасанды көлдерде балықтың үш түрі өсіріліп жатыр екен. Ерте көктемде жіберілген Сазан, Ақамур, Тұқы балықтары қара күзде өзен-көлдерге жіберіледі. Биыл кооператив 500 мың шабақты шардара теңізіне жібермек. Онымен қоса теңізде ғана өсетін Бекіре балығын да өсіріп жатыр. Ол да жерсініп,шардара суындағы арнайы бөгетте өздігінен көбейіп келеді.
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 2006 жылы балық және балық өнімдерін өңдеу және өткізуді ұйымдастыру мақсатында құрылған. 2009 жылы балық пен балық өнімдерін өңдеу, сақтау және мұздату бойынша жаңа зауыт салынып, пайдалануға берілді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 6000 тоннаға дейін балық шикізатын қайта өңдеуге және 3000 тоннаға дейін дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компанияның негізін қалаушы Бақытжан Серманизов кәсіпорынның қалыптасу кезеңдерінде еуропалық азық-түлік кәсіпорындарын дамыту тәжірибесін көбірек зеттеген. Нәтижесінде зауыт өнімінің 80 пайыздан астамын экспорттап отыр.
Жаңа технологияларды енгізу,балық өнімдерінің сапасын ұдайы жақсарту,халықаралық сапа стандарттарына сәйкестік және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып отыр. Негізгі шикізат көздері Шардара су қоймасы мен Сырдария өзенінен ауланады. Кооперативтің арнайы балық аулау техникалары бар. Оларды білікті және тәжірибелі балықшылар басқарады.