Келесте ортақ жайылым мәселесі шешілуде

Oinet.kz 31-08-2022 274

Screenshot_11.png

Жайылым тапшылығы жұртты алаңдатып отырғаны жасырын емес. Бір кездері жекенің қолына өтіп кеткен жерлерді де кері қайтару да оңай емес. Күрмеулі мәселенің түйінін тарқату үшін қазір жеке меншік жайылымдарды ортақ пайдалану жобасы іске қосылған. Жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен облыстың барлық аудан қалаларында жүзеге асуда. 

Келес ауданына мал басы да жылдан жылға артып келеді. Мәселен, өңірде 13 мыңға жуық ірі қара мен 27 мыңға жуық ұсақ мал бар. Одан өзге, 8 мыңдай жылқы, 500-ден астам түйе баптауда. Қуанышты-ақ жағдай. Алайда төрт түлікті өріске шығарып , еркін жіберуден қалған қазір шаруалар.   Өйткені жайылым жоқ. Ал, халықтың еншісіне  тиген аз ғана алқаптың қазір шөбі қурап, топырағы шығып жатыр екен. Мәселені оңтайландыру үшін қазірде жайылымды ортақ пайдалану жобасы жүзеге асып жатыр. 

 "Елдімекеннің маңындағы ортақ жайылымға қосу ауданда 345 мың гектар жер бар, оның ішінде 205 мыңы жайылым, ал мал басына шаққан кезде бізге әлі 400 мың гектар жер керек. Соның мәселесін шешу мақсатында биылғы жоспар 60 мың гектар деп қойылды",- дейді Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев. 

Жерлерді ортақ жайылым ету мәселесі көтерілгенде қос қолдап қолдаған жандар аз емес. Солардың бірі «Жаңа қоныс» шаруа қожалығының төрағасы. Кәсіпорынның қарамағында қазір 730 гектар жер бар екен. Қожалықтың төрағасы аталған жобаны қолдау азаматтық парызым деп білгенін айтады.  

 "Біздің иелігімізде 730 гектар жер бар жайылым. Соны қазіргі мемлекеттік саясатқа байланысты әзіргі жасалған меморандумға қол қойдық. Онда көрсетілгені жерді қоршамаймыз. Айналасын қазбаймыз. Ортақ жайылым ғой, көппен көрген ұлы той демекші көппен бірге пайдаланамыз. Малымызды өсіреміз",- дейді "Жаңа қоныс" шаруа қожалығының төрағасы Құрманғали Тұрымбетов. 

Айта кетейік қазір ауданда 345 мың гектар жер бар. Оның 205 мыңы жайылым. Ал мал басына шаққанда шаруалар тағы да 400 мың гектар алқапты қажет етеді.  

Келесте тамшылатып суғару әдісі қарқынды дамуда
Балық экспорты артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу