Сыбайластықпен бірге күресуге шақырды

Oinet.kz 06-09-2022 251

Screenshot_5.png

Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ. Қазақстан басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамада» әлеуметтік дертпен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.   

 Осы бағытта бүгін, Сарапхана ауылдық округінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін Қазығұрт аудандық қоғамдық кеңестен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия төрағасы А.Сманов,  Сарапхана ауылының ардагерлер қоғамының төрағасы Ш.Досмырза, төбе би Ж.Оразбаев, Сарапхана ауылдық округі әкімі аппаратының бас заңгері Г.Сарымсақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы баяндамалар жасады. 

Жиын соңында сұрақ-жауап болып, ұсыныстар айтылды. Қорытынды сөзді А.Сманов сөйлеп, жиынға қатысып отырған азаматтарды қоғам дерті саналатын сыбайлас жемқорлықпен күресті бірге жүргізуге шақырды.

Құрылыс жұмыстарының сапасы әрі қарқындылығын тексерді
Балалар табиғат аясында демалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу