Құрылыс жұмыстарының сапасы әрі қарқындылығын тексерді

Oinet.kz 03-09-2022 246

Screenshot_4.png

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстанды ең қауіпсіз әрі қолайлы елге айналдыру көзделген. Осы мақсатта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін көптеген бағдарлама, жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі 2021 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Көлік жолдарын жақсарту арқылы еліміздің транзиттік және логистикалық әлеуетін арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының сапасын көтеру және Қазақстан халқының көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету  жобаның негізгі мақсаты болып саналады. 

Осы және өзге де жобалар Қазығұрт ауданында жоспар бойынша атқарылып келеді. Жақында аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылқия, Қақпақ, Абдалиев және Жаңабазар, Шанақ, Жігірген    ауыл округтеріндегі жобалар бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.  Алдымен Қызылқия ауыл округіне қарасты Айнатас, Қызылқия ауылының 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысымен танысты.  Содан соң Қақпақ ауыл округі, Заңғар елді мекеніндегі ішкі көшелерге шағал төсеу,  Сырлысай елді мекеніндегі 200 орындық мектеп құрылысын аралап көрді. Түс ауа аудан әкімі Қ.Абдалиев ауыл округіндегі 200 орындық «П.Тәжібаев» атындағы мектебінің құрылысымен  Рабат елді мекеніндегі  10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысы жұмыстарын бақылады.  Шанақ, Жігірген ауыл окруктеріндегі   200 орындық мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстарымен танысып шықты.  Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар «Айнатас - Қақпақ» және «Жаңабазар -  Жылыбұлақ» жолдарының жөндеу жұмыстарын саралады. Жұмыстың сапасына, қарқындылығына назар аударды. Мердігер компанияның жүктелген міндеттерді қалай атқарып жатқанынада көңіл бөлді. Құрылыс нысандарын аралау барысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына талап қойып, кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Сондай-ақ, белгіленген графикке сәйкес, құрылыс нысандарын ел игілігіне  тапсыру керектігін айтты. 

Қазығұртта 3 мыңға жуық бала әліппе ұстады
Сыбайластықпен бірге күресуге шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу