Ғ.Рысбеков: Келген өтініштерге сапалы, сауатты жауап беру керек

Oinet.kz 10-09-2022 475

Screenshot_48.png

Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғ.Рысбековтың төрағалығымен 2022 жылдың 8 айының қорытындысымен аудан көлемінде арыз-шағымдардың қаралу барысы туралы жиналыс болып өтті. Мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен қоғам арасында тұрақты диалогты орнатуға айрықша мән беріп отырғаны белгілі. Осы тұрғыда 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына  ерекше назар аударып, ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату, өтініштерді сапалы қарап, мүмкіндігінше  шешімін табу қажеттігін атап көрсеткен болатын.

Осыған орай, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сауран ауданы әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Темірхан 2022 жылдың 8 айының қорытындысымен аудан көлемінде арыз-шағымдардың қаралу барысы туралы баяндама жасады.

Сонымен баяндамашының мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша аудан көлемінде түскен арыз-шағымдардың барысына талдау, зерделеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы, аудан көлемінде 3418 өтініш келіп түскен болса, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,46 пайызға ұлғайғанын жеткізді. Сонымен қатар, барлық келген арыз шағымдарға тоқталып, оларға талдау жасап, тиісті деңгейінде орындалмаған мемлекеттік мекемелерді атап өтті.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Ғ.Рысбеков баяндама бойынша айтылған кемшіліктерді саралап, дер кезінде жою, әрбір келген өтініш иесіне сапалы әрі сауатты жауап беру керектігін нықтап тапсырды. 

Зиялы қауым өкілдері Жолдауды талқылады
«Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу