Зиялы қауым өкілдері Жолдауды талқылады

Oinet.kz 10-09-2022 429

Screenshot_47.png

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауданның зиялы қауым өкілдерінің басқосуы болып өтті. Жиынды Сауран ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов күн тәртібімен таныстырып, ашып жүргізіп отырды.

Күн тәртібі бойынша Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында айтылған басым бағыттарға кеңінен тоқталды.

- Мемлекет басшысының халық асыға күткен жыл сайынғы Жолдаулары да елімізде тұрақтылықты орнықтыра түсуге бағытталып отырғаны белгілі. Бұл ретте Қазақстан халқының Президент Жолдауынан туындайтын асыл мұраттарды іс жүзіне асыру жолында қажырлы ісінің үлгісін танытып, уақыт тынысына сай еңбек етіп жатқаны мәлім. Олай болса, ел ертеңі кемелденсін десек, жас буынға дұрыс бағдар беріп, келешекте көркейген Қазақстанның негізін осы Жолдау жүктеген міндеттер аясында нақты іспен жүзеге асырайық, - дейді Бақытжан Бейсембаев.

Сонымен қатар, басқосуда аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Н.Жұманова, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Әміреев, «Түркістан облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігі Сауран ауданы филиалының төрағасы Т.Ақай және зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысының биылғы Қазақстанға арнаған кезекті Жолдауын толық қолдап, қуаттайтынын жеткізді.

Әкімге өтініштерін жеткізді
Ғ.Рысбеков: Келген өтініштерге сапалы, сауатты жауап беру керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу